|
|
|
"Қазтеңізкөлікфлоты" ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы" жабық ҚР Үкіметінің 2002 ж. 28 маусымдағы № 702 қаулысымен осы қаулының күші жойылды "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және "Қазтеңізкөлікфлоты" ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы" жабық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) органдарын құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігімен және Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Қайрат Серікұлы Қырымовтың Қоғам Басқармасының төрағасы (Бас директоры) болып сайлануын; 2) Қоғамның Директорлар кеңесінің қосымшаға сәйкес құрамда сайлануын; 3) осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін. 2. Мыналардың: "Қазтеңізкөлікфлоты" ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы" жабық акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 наурыздағы № 417 қаулысының; "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 наурыздағы № 417 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 сәуірдегі № 506 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Д.К.Ахметовке жүктелсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 мамырдағы № 714 қаулысына қосымша "Қазтеңізкөлікфлоты" ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы" жабық акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы Зверьков Вадим Павлович - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі, төраға; Құлыбаев Тимур Асқарұлы - "Мұнай және газ көлігі" ұлттық компаниясы" ЖАҚ Басқармасының төрағасы (Бас директоры); Андрющенко Александр Иванович - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрі; Кадюков Николай Викторович - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары; Қырымов Қайрат Серікұлы - "Қазтеңізкөлікфлоты" ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы" жабық акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы (Бас директоры).
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |