|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) "Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестің 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 қазандағы № 1641 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 44-45, 538-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестің 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасында: "Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестің 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары" деген 9-бөлімде: "Заңнаманы жетілдіру, қылмысқа қарсы күрестің құқықтық базасын нығайту" деген 1-тарауда: реттік нөмірі 3-жол алынып тасталсын; 2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылға арналған Заң жобалау жұмыстарының жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 қаңтардағы № 140 қаулысына: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылға арналған Заң жобалау жұмыстарының жоспарында: реттік нөмірі 17-жол алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |