|
|
|
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы (2018.16.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2010.14.06. № 290-IV ҚР Заңымен тақырыбы мен мәтініндегі «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» деген сөздерден кейін тиісінше « - Елбасының», « - Елбасы» деген сөздермен толықтырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң демократия мен әлеуметтік прогресті дамытуға, бейбітшілік пен халықтар арасындағы достықты нығайтуға ерекше үлес қосқан адамдарды Қазақстан Республикасы Президентінің көтермелеуіне байланысты қатынастарды реттейді. 2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы Заңмен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы» 2000 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 2-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Отан алдында сіңірген ерекше еңбегін атап өту құрметіне Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы (бұдан әрі - Мемлекеттік сыйлық) тағайындалады. 2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Мемлекеттік сыйлықты Қазақстан Республикасының Президенті жыл сайын Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдіктерге: демократия мен әлеуметтік прогресті дамытқаны үшін; бейбітшілікті және халықтар арасындағы достықты, өзара сенімді, мемлекетаралық қатынастарда теңдік пен бірдей қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған белсенді қызметі үшін; қоғамдық, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді орнықтыруға, Республиканың көпұлтты халқының бірлігін нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін; Қазақстанның ұлттары мен ұлыстарының мәдениеті мен тарихи дәстүрлеріне деген құрметті қалыптастыратын терең ойлы публицистикалық шығармалары үшін береді. 3. Мемлекеттік сыйлық отандық, халықаралық және шетелдік ұйымдарға берілуі мүмкін. 1. Мемлекеттік сыйлыққа ие болған адамдарға «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты» атағы беріледі, диплом, омырауға тағатын белгі, куәлік және ақшалай сыйақы тапсырылады. 2. Мемлекеттік сыйлықты Қазақстан Республикасының Президенті салтанатты жағдайда тапсырады. Мемлекеттік сыйлық бір мезгілде бірнеше үміткерге берілуі мүмкін, мұндай жағдайда оның ақшалай бөлігі олардың арасында тең бөлінеді. Мемлекеттік сыйлықты қайталап беруге рұқсат етілмейді. Мемлекеттік сыйлыққа үміткерлер ұсыну құқығына: Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің комитеттері; Қазақстан Республикасының Үкіметі; Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар; мәслихаттармен келісе отырып, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) әкімдері; отандық, шетелдік және халықаралық ұйымдар ие болады. 2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Мемлекеттік сыйлық туралы ережені, сыйлықтың саны мен мөлшерін, сондай-ақ оны беру жөніндегі комиссияның құрамын Республика Үкіметінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. 2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты дипломының, омырауға тағатын белгісінің және куәлігінің сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президентімен келісе отырып Республика Үкіметі бекітеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |