|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 15 қарашадағы N Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 24 желтоқсандағы № 1307 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасының "Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы , "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттік қолдау туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 15 қарашадағы № 1713 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 50, 494-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөніндегі агенттiгi туралы ережеде: мәтіндегі "шаруашылық жүргiзушi субъектілер" деген сөздер "рынок субъектiлерi" деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтағы "баға белгілеу, бәсекелестiк пен бизнестi (кәсiпкерлiктi) дамыту" деген сөздер "табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттеу, баға белгілеу, бәсекелестiк пен бизнестi (кәсiпкерлiктi) дамыту, тұрғын үй-коммуналдық реформалар жүргiзу және тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыру" деген сөздермен ауыстырылсын; 9-тармақта: 6) тармақша алып тасталсын; 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "7) бәсекелестiктi дамытуға, (шағын) кәсiпкерлiктi қолдауға, тұрғын үй-коммуналдық реформалар жүргiзуге және тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыруға бағытталған орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың iс-әрекеттерiн үйлестiру;"; мынадай мазмұндағы 8), 9) тармақшалармен толықтырылсын: "8) кәсiпкерлiктiң құқықтарын қорғауға бағытталған заңдардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру; 9) тұрғын үй-коммуналдық реформалар және тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыру саласында мемлекеттік саясатты әзiрлеу және оны iске асыру."; 10-тармақта: 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "7) табиғи монополиялардың, тауар рыногының жұмыс iстеуiне, бәсекелестiктi дамыту, баға белгiлеу, тұрғын үй-коммуналдық сала мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерiне қатысы бар заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актілер жобаларына сараптама жасауды жүзеге асыру;"; 16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "16) тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие, бәсекенi шектейтiн және монополистiк қызметтi жүзеге асыратын рынок субъектілерiн анықтау мақсатында талдау жүргiзу;"; мынадай мазмұндағы 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30) тармақшалармен толықтырылсын: "19) рынок субъектілерiнiң орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актілердi өз құзыретiнiң аясында әзiрлеу және бекіту; 20) өз құзыретi шегiнде монополияға қарсы заңдарды бұзушылық туралы істердi қарау және олар бойынша шешiм қабылдау; 21) сатып алынуы шағын кәсiпкерлік субъектілерінен жүзеге асырылуға тиісті тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) түр-түрiнiң номенклатурасы және олардың көлемдерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу; 22) шағын кәсiпкерлiк субъектілерiнiң мемлекеттік қаржылық, материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ ғылыми-техникалық әзiрлемелер мен технологияларды пайдалануына жеңiлдiктi жағдайлар жасау туралы ұсыныстар әзiрлеу; 23) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне байланысты проблемаларды шешуде орталық және жергілiктi мемлекеттік органдардың өзара iс-әрекеттерiн ұйымдастыру; 24) Үкiметке, шағын кәсiпкерлiктi қолдауды қамтамасыз ету мақсатында, оларға қатысы бар салық салу жүйесiн жетiлдiру қаржылық және несиелiк саясатты өзгерту жөнiнде ұсыныстар енгізу; 25) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен және жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп шағын кәсiпкерлiк субъектілерiне мемлекеттік меншiктегi үйлердi, ғимараттарды, өндiрiстiк үй-жайлар мен өзге де мүлiктердi жеңiлдiкпен беру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 26) шағын кәсiпкерлiктi, оның субъектiлерiнiң сыртқы экономикалық қызметiн, олардың шағын кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесетiн шетелдiк әрiптестермен сауда, ғылыми-техникалық, өндiрiстiк және өзге де байланыстарын қоса алғанда, мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру; 27) Қазақстан Республикасының Президентiн және Yкіметін шағын кәсiпкерлiктi қорғау және мемлекеттік қолдау мәселелерi жөніндегі заңдарды бұзуға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою жөнiнде қабылданған шаралар туралы хабардар ету; 28) шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың салалық және аймақтық бағдарламаларын ұйымдастыру және үйлестiру; 29) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерi бойынша акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерiн иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыру; 30) өзiне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру."; 11-тармақта: бiрiншi абзацы "Агенттiктiң" деген сөзден кейiн "өз құзыретiнiң шегiнде" деген сөздермен толықтырылсын; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "3) табиғи монополия субъектілерiнiң өндiрiстiк мұқтаждарға арналған материалдық және қаржылық ресурстарды, жабдықтарды тендерлiк негiзде сатып алуын бақылауды жүзеге асыру;"; 5-тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "5) рынокта үстем (монополиялық) жағдайдың болуын анықтауға"; 10), 11), 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: "10) бәсекенi дамытуға, монополияға қарсы органның нұсқамаларын орындауға кедергi келтiретiн және заң актілерінде көзделген өзге де тәртiп бұзушылықтар үшiн рынок субъектiлерi мен олардың басшыларына, сондай-ақ мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына айыппұл салу туралы шешiмдер қабылдауға; 11) мемлекеттік органдарға, олардың лауазымды адамдарына, рынок субъектілерiне тиiстi тауар рыногында үлесi отыз бес пайыздан асатын не тиiстi тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiне, олардың басшыларына орындау үшiн мiндеттi нұсқамалар беруге; 12) Агенттiктiң мәжілiстерiнде мемлекеттік органдардың, тиiстi тауар рыногында үлесi отыз бес пайыздан асатын не тиiстi тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң лауазымды адамдарын тыңдауға;"; 19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "19) егер тиiстi тауар рыногында үлесi отыз бес пайыздан асатын шаруашылық жүргiзушi субъектілердiң пайда болуына жеткiзетiн болса, сондай-ақ тиiстi тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiн қайта ұйымдастыруға, таратуға әкеп соғатын болса, рынок субъектiлерiн құруға қорытынды беруге;"; мынадай мазмұндағы 20), 21), 22), 23), 24) тармақшалармен толықтырылсын: 20) мемлекеттік органдарға монополияға қарсы заңдарды бұзатын олар қабылдаған актiлердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы ұсыныстар енгізуге; 21) заңдарға қайшы келетiн материалдар мен нормативтiк құқықтық актілердi прокуратура органдарына жiберуге; 22) тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң тауарларына (жұмыстарына, қызмет көрсетулерiне) бағаларды мемлекеттік реттеудi енгізу туралы шешiм қабылдауға; 23) рынок субъектілерінің жарғылық капиталындағы акцияларды (үлестерді, пайларды) сатып алу кезінде және өзге де жағдайларды монополияға қарсы заңдардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға; 24) заңдармен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқығы бар". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |