|
|
|
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сот ісін жүргізу Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсiн: 1. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламенті Жаршысы, 1999 ж, № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат): 1) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын: "28-бап. Облыстық және оларға теңестірілген соттардың соттауына жататын азаматтық істер 1. Облыстық және оларға теңестірілген соттар бірінші сатыдағы соттар ретінде: 1) талап қою бағасы арызды беру кезіне заңмен белгіленген он бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын кезде тараптары заңды тұлғалар, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар болып табылатын мүліктік даулар жөніндегі; 2) тараптардың бiрi халықаралық немесе шетелдік ұйым болып табылатын; 3) министрліктер, басқа да республикалық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын, есеп беретiн органдардың нормативтік құқықтық актілеріне дау айту туралы; 4) аумақтық сайлау комиссияларының референдум, Қазақстан Республикасы Президентінің, өкiлдi органдар депутаттарының сайлауын әзiрлеу мен өткізу жөніндегі шешiмдерi мен әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) азаматтардың дау айтуы туралы азаматтық iстердi қарайды. 2. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi немесе консулдық мекемелерi лауазымды адамдарының заңға қайшы әрекеттерiне талап қоюы жөніндегі iстердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, министрлiктер мен басқа да республикалық атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын, есеп беретiн органдардың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, ұйымдардың құқықтарына қатысты нормативтiк емес актілеріне дау айту туралы iстердi Астана қаласының соты қарайды"; 2) 29-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасы алып тасталсын; 3) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын: "30-бап. Азаматтық iстердiң мамандандырылған соттарда соттауға жатқызылуы 1. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар, осы Кодекстiң 28-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 2), 3), 4) тармақшаларында, екiншi бөлiгiнде, 29-бапта көзделген iстердi қоспағанда, тараптары заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын азаматтар, заңды тұлғалар болып табылатын мүлiктiк және мүлiктiк емес даулар жөніндегі азаматтық iстердi қарайды. 2. Азаматтық iстердiң басқа мамандандырылған соттардың соттауына жатқызылуы осы Кодекспен белгіленедi."; 4) 35-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Бiр арызға бiрiктiрiлген, әртүрлi соттардың соттауына жататын талаптар, егер бұл ретте осы Кодекстiң 171-бабына сәйкес жоғары тұрған соттың судьясы бұл талаптарды бөлу туралы ұйғарым шығармаса, мәлiмделген талаптардың бiрi соттауына жатқызылған жоғары тұрған сотта қаралады."; 5) 37-бапта: бiрiншi бөлiктегi "Азаматты әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы істердi қоспағанда", ", сондай-ақ апелляциялық сот сатысындағы" деген сөздер алып тасталсын, "соттың" деген сөз бас әрiппен жазылсын; екiншi бөлiктегi "Азаматты әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы iстердi бiрiншi сатыдағы сотта, сондай-ақ барлық iстердi кассациялық," деген сөздер "Iстердi апелляциялық сотта немесе" деген сөздермен ауыстырылсын; 6) 38-баптың 3-бөлiгіндегі ", кассациялық" деген сөз алып тасталсын; 7) 39-бапта: бiрiншi және екiншi бөлiктердегi ", кассациялық" деген сөз алып тасталсын; үшiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын: "3. Апелляциялық немесе қадағалау сатысындағы сотта iстi қарауға қатысқан судья, өзiнiң қатысуымен қабылданған қаулы күшiн жойған жағдайда аталған сатыларда осы iстi қарауға қайтадан қатыса алмайды."; 4-бөлiктегi "немесе кассациялық" деген сөз алып тасталсын; 8) 40-баптың бiрiншi бөлiгiнің 3) тармақшасындағы "күмән туғызатын" деген сөздiң алдынан "негiздi" деген сөзбен толықтырылсын; 9) 42-баптың бесiншi бөлiгіндегі ", кассациялық" деген сөз алып тасталсын; 10) 110-баптың екiншi бөлiгi алып тасталсын; 11) 118-баптың бiрiншi бөлiгіндегі "(қаулысы, ұсынысы)" деген сөздер алып тасталсын; 12) 135-баптың екiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын: "Iздестiру шаралары барысында жауапкердiң жүрген жерi анықталған кезде оған сотқа шақыру туралы соттың шақыру қағазы табыс етiледi."; екiншi және үшiншi бөлiктерде "салық" деген сөз "қаржы" деген сөзбен ауыстырылсын; 13) 12-тарау алып тасталсын; 14) 140-бапта: 5) тармақша "азаматтардан" деген сөзден кейiн "және заңды тұлғалардан" деген сөздермен толықтырылсын; 7) тармақшада "салық" деген сөз "қаржы" деген сөзбен ауыстырылсын; 8) және 9) тармақшалар алып тасталсын; 15) 148-баптың бiрiншi бөлiгi "1." цифрымен белгiленсiн, мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: "2. Сот бұйрығының күшiн жою туралы қаулы шағымдануға немесе наразылық келтiруге жатпайды."; 16) 150-баптың екiншi бөлiгiнiң 7) тармақшасы алып тасталсын; 17) 151-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын; 18) 220-баптың екiншi бөлiгіндегі "өтiнiмi" деген сөз "жазбаша өтiнiмi" деген сөздермен ауыстырылсын; 19) 231-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасындағы "шешпесе" деген сөзден кейiн нүктелi үтiр қойылып, "қосымша шешiм шығара алады." деген сөздер алып тасталсын және мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: "4) егер сот шешiмiнiң орындалуын қайта бұрып атқару туралы мәселенi сот шешпесе, қосымша шешiм шығара алады."; 20) 234-баптың бiрiншi бөлiгіндегі "шешiмiмен" және "шешiмi" деген сөздер "актiсiмен" және "актiсi" деген сөздермен ауыстырылсын; 21) 235-бапта: бiрiншi және екiншi бөлiктер мынадай редакцияда жазылсын: "1. Аудандық, облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың бiрiншi сатыда қаралған iстер бойынша шығарған шешiмдерi, егер оларға шағым немесе наразылық келтiрiлмесе, оларға апелляциялық шағымдану, наразылық келтiру мерзiмi өткен соң заңды күшiне енедi. 2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бiрiншi сатыда қаралған iстер бойынша шығарған шешiмдерi олар жарияланған күннен бастап заңды күшiне енедi."; үшiншi бөлiктегi "немесе кассациялық" деген сөздер алып тасталсын, ал "ұйғарым" деген сөз "қаулы" деген сөзбен ауыстырылсын; 22) 236-бапта: екiншi бөлiктегi екiншi сөйлем алып тасталсын; төртiншi бөлiктiң бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "4. Атқару парақтарын (бұдан әрi - атқару құжаттарын) бiрiншi сатыдағы сот шешiм заңды күшiне енген немесе iс жоғары тұрған соттан қайтқан күннен бастап үш тәулiк iшiнде жазады және оларда: ... көрсетілуге тиiс."; 23) мынадай мазмұндағы 240-1, 240-2, 240-3-баптармен толықтырылсын: "240-1-бап. Сот шешiмiнiң орындалуын қайта бұрып атқару Заңды күшiне енiп, толық немесе iшiнара орындалған сот шешiмiнiң күшi жойылған және сот талап қоюдан толық немесе бiр бөлiгiнде бас тарту туралы жаңа шешiм шығарған не iс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы немесе талап қоюды қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарған жағдайда талапкерден күшi жойылған шешiм бойынша алғанының бәрi өндiрiлiп алынады (шешiмнiң орындалуын қайта бұрып атқару). 240-2-бап. Сот шешiмiнiң орындалуын қайта бұрып атқару туралы мәселенi қарау 1. Күшi жойылған шешiмдi орындау орын алған iс бойынша жаңа шешiм шығарған сот жауапкердiң жазбаша арызы бойынша орындауды қайта бұрып атқару туралы мәселенi қарайды және бұл мәселенi жаңа шешiммен шешедi. 2. Егер сот iстi жаңадан қараған кезде күшi жойылған шешiм бойынша орындауды қайта бұрып атқару мәселесiн шешпесе, жауапкердiң шешiмнiң орындалуын қайта бұрып атқару туралы арызы iске қатысушы адамдарды, ал қажет болған жағдайда күшi жойылған шешiмдi орындаған органды да хабарландыра отырып, соттың бөлек отырысында қаралады. Аталған адамдар шешiмнiң орындалуын қайта бұрып атқару туралы арызды қараудың орны мен уақыты туралы хабарландырылады, алайда олардың сот отырысына келмей қалуы орындауды қайта бұрып атқару туралы мәселенi шешу үшiн кедергi болмайды. 3. Шешiмнiң орындалуын қайта бұрып атқару туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына жеке шағым немесе наразылық келтiрiлуi мүмкiн. 240-3-бап. Апелляциялық немесе қадағалау сатысы сотының шешiмнiң орындалуын қайта бұрып атқару туралы мәселенi шешуi Апелляциялық немесе қадағалау сатысындағы сот бiрiншi сатыдағы сот шешiмiмен бұрын күшi жойылған шешiмнiң орындалуын қайта бұрып атқару туралы мәселе шешiлмеген iстi қараған кезде, бұл мәселенi iсте бiрiншi сатыдағы соттың күшi жойылған шешiмiнiң орындалғаны туралы анық деректер болғанда ғана шешедi. Басқа жағдайда орындауды қайта бұрып атқару туралы мәселе осы Кодекстiң 240-2-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен шешiледi."; 24) 242-баптың 4) тармақшасындағы "сот iсiн жүргiзуде немесе әкiмшiлiк тәртiппен" деген сөздер "немесе әкiмшiлік сот iсiн жүргiзуде" деген сөздермен ауыстырылсын; 25) 244-баптың 3) тармақшасындағы ", ұйғарымы заңды күшiне енгенге немесе әкiмшiлiк тәртiппен қаралып жатқан iс бойынша қаулы" деген сөздер "немесе соттың қаулысы" деген сөздермен ауыстырылсын; 26) 253-бап мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын: "4. Мүдделерiне қатысы бар жеке ұйғарымға адамдар осы Кодекстiң 344-бабының төртiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен шағым бере алады."; 27) 264-баптың екiншi бөлiгіндегі "немесе кассациялық" деген сөздер алып тасталсын; 28) 274-баптың екiншi бөлiгіндегі "кассациялық" деген сөз "апелляциялық" деген сөзбен ауыстырылсын; 29) 26-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "26-тарау. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ IСТЕРДI ҚАРАУҒА УӘКIЛЕТТI ОРГАНДАРДЫҢ (ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРДЫҢ) ҚАУЛЫЛАРЫНА ДАУ АЙТУ ТУРАЛЫ IСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ" 30) 275-бапта: баптың тақырыбы мен мәтiніндегі "Арыз", "арызда", "арызды" деген сөздер тиiсiнше "Шағым", "шағымда", "шағымды" деген сөздермен ауыстырылсын; бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын: "1. Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 538-бабының 2) және 3) тармақшаларында аталған органдар (лауазымды адамдар) шығарған, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөніндегі заңды күшiне енбеген қаулыларына әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған, жәбiр көрген адамдар және олардың заңды өкiлдерi мен қорғаушылары сотқа шағымдануы, сондай-ақ прокурор сотқа наразылық келтiруi мүмкiн."; үшiншi бөлiк алып тасталсын; 31) мынадай мазмұндағы 275-1-баппен толықтырылсын: "275-1-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыға сотқа шағымдану мен наразылық келтiрудiң тәртібі 1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) қаулысына осы Кодекстiң 275-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдар қаулының көшiрмесi табыс етiлген күннен кейiн он күн iшiнде тiкелей сотқа шағым бере алады. 2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) қаулысына осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген мерзiмдерде аталған адамдар сотқа шағым бере алады. 3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) және сотқа бiр мезгiлде түссе, онда шағымды сот қарайды. 4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға прокурор қаулының көшiрмесiн алған күннен бастап он күн ішiнде сотқа наразылық келтiруi мүмкiн."; 32) 276-баптың тақырыбы мен мәтiніндегі "Арызды", "арызды" "арыз" деген сөздер тиiсiнше "Шағымды", "шағымды", "шағым" деген сөздермен ауыстырылсын; 33) 277-бапта: бiрiншi бөлiктегi "шешiм" деген сөз "ұйғарым" деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы бесiншi бөлiкпен толықтырылсын: "5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) қаулысына жасалған шағым (наразылық) бойынша шығарылған заңды күшiне енген және енбеген сот ұйғарымдарына шағымдану Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекс белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi."; 34) 27-тараудың тақырыбындағы "Азаматтардың" деген сөз алып тасталсын, "мемлекеттік" деген сөз бас әрiппен жазылсын, "айтуы" деген сөз "айту" деген сөзбен ауыстырылсын; 35) 278-бапта: бiрiншi бөлiктегi "Азамат" деген сөзден кейiн "және заңды тұлға" деген сөздермен толықтырылсын; екiншi бөлiктегi "азамат өзiнiң тұрғылықты жеріндегі сотқа" деген сөздер "азаматтың тұрғылықты жеріндегі сотқа" деген сөздермен ауыстырылсын; үшiншi бөлiктегi "облыстық" деген сөз "аудандық" деген сөзбен ауыстырылсын; төртiншi бөлiк алып тасталсын; 36) 279-бапта: бiрiншi бөлiкте: 1) тармақшадағы "азаматтың құқықтары мен бостандықтары" деген сөздер "азаматтың және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары және заңмен қорғалатын мүдделерi" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) тармақша "бостандықтарын" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ заңды тұлғаның құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерiн" деген сөздермен толықтырылсын; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "3) азаматқа немесе заңды тұлғаға әлдебiр мiндет заңсыз жүктелген немесе олар заңсыз жауапқа тартылған алқалық және жеке-дара шешiмдер мен әрекеттер (әрекетсiздiк) жатады."; екiншi бөлiктiң 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "2) оларға қатысты заң сотқа шағымданудың өзгеше тәртібін көздейтiн жеке-дара және нормативтiк құқықтық актiлерге сотта дау айтуға болмайды;"; 37) 280-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: "1. Азамат және заңды тұлға өз құқықтарының, бостандықтарының және заңмен қорғалатын мүдделерiнiң бұзылғаны туралы өздерiне мәлiм болған күннен бастап үш ай iшiнде сотқа арызбен жүгiнуге құқылы."; 38) 281-баптың бiрiншi бөлiгіндегі "сот азаматтың" деген сөздер "сот бiр ай мерзiм iшiнде азаматтың, заңды тұлға өкiлiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын; 39) 282-бапта: бiрiншi бөлiктегi "азамат құқықтары мен бостандықтарын" деген сөздер "азаматтың және заңды тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын, және заңмен қорғалатын мүдделерiн" деген сөздермен ауыстырылсын; екiншi бөлiктегi "азаматтың құқықтары не бостандықтары" деген сөздер "азаматтың және заңды тұлғаның құқықтары, бостандықтары және заңмен қорғалатын мүдделерi" деген сөздермен ауыстырылсын; төртiншi бөлiктегi "және азаматқа" деген сөздер ", азаматқа немесе заңды тұлғаға" деген сөздермен ауыстырылсын; 40) 28-тараудың атауындағы "Азаматтардың" деген сөз алып тасталып, "нормативтiк" деген сөз бас әрiппен жазылсын, "даулары" деген сөз "даулар" деген сөзбен ауыстырылсын; 283-бапта: бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын: "1. Өздерiне нормативтiк құқықтық актiнiң күшi қолданылатын, мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның заңда көзделген тәртiппен қабылданып, жарияланған нормативтiк құқықтық актiсiмен азаматтардың немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында кепiлдiк берiлген құқықтары және заңмен қорғалған мүдделерi бұзылып отыр деп санайтын азамат немесе заңды тұлға бұл актiнi заңға толық немесе жекелеген бөлiгiнде қайшы келедi деп тану туралы арызбен сотқа жүгiнуге құқылы."; төртiншi бөлiктегi "Азаматтың арызы" деген сөздер "Азаматтың және заңды тұлғаның арызы" деген сөздермен ауыстырылсын, "азаматтың нақты қандай құқықтары мен бостандықтары" деген сөздер "азаматтың және заңды тұлғаның нақты қандай құқықтары, бостандықтары және заңмен қорғалатын мүдделерi" деген сөздермен ауыстырылсын; 41) 284-бапта: бiрiншi бөлiктегi "арызбен жүгiнген азаматқа" деген сөздер "арызбен жүгiнген азаматқа немесе заңды тұлғаға" деген сөздермен ауыстырылсын; екiншi бөлiктегi "азаматтың," деген сөз "азаматтың немесе заңды тұлға өкiлiнiң," деген сөздермен ауыстырылсын; 42) 29-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "29-тарау. ПРОКУРОРДЫҢ ОРГАНДАР МЕН ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРДЫҢ АКТIЛЕРI МЕН IС-ӘРЕКЕТТЕРIН ЗАҢСЫЗ ДЕП ТАНУ ТУРАЛЫ ЖҮГIНУІ" 43) 286-баптың бiрiншi бөлiгіндегі бiрiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: "1. Заңға сәйкес келмейтiн нормативтiк құқықтық актiге және (немесе) жеке қолданылатын құқықтық актiге, сондай-ақ мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның iс-әрекетiне прокурордың наразылығын заңсыз акт шығарған немесе заңсыз iс-әрекет жасаған орган немесе лауазымды адам не жоғары тұрған орган немесе лауазымды адам қабылдамаған жағдайда, прокурор наразылық келтiрiлген актiнi немесе iс-әрекеттi заңсыз деп тану туралы арызбен сотқа жүгiнедi."; 44) 288-бапта: бiрiншi бөлiктегi "заңсыз" деген сөз ", жеке қолданылатын құқықтық актiнi немесе iс-әрекеттi заңсыз" деген сөздермен ауыстырылсын; екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын: "2. Егер сот наразылық келтiрiлген актiнi немесе iс-әрекеттi заңға және органның немесе лауазымды тұлғаның өкiлеттiгiне сәйкес деп таныса, ол арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешiм шығарады."; 45) 289-баптың бiрiншi бөлiгi 9) тармақшасындағы "iстер жатады" деген сөздер алып тасталсын, "туралы" деген сөзден кейiн нүктелi үтiр қойылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын: "10) бала асырап алу туралы iстер жатады."; 46) мынадай мазмұндағы 36-1 тараумен толықтырылсын: "36-1 тарау. ҰЛ (ҚЫЗ) АСЫРАП АЛУ ТУРАЛЫ ӨТIНIШТЕР БОЙЫНША IС ЖҮРГIЗУ 317-1-бап. Өтiнiш беру Жасы кәмелетке толмаған ұл немесе қыз асырап алу (бұдан әрi - бала асырап алу) туралы өтінішті бала асырап алғысы келетін азаматтар баланың тұрғылықты (жүрген) жеріндегі аудандық және оған теңестiрiлген сотқа бередi. 317-2-бап. Өтініштің мазмұны 1. Баланы асырап алу туралы өтініште: 1) бала асырап алушылардың (бала асырап алушының) фамилиясы, аты, әкесінің аты, олардың тұрғылықты жері; 2) асырап алынатын баланың фамилиясы, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы, оның тұрғылықты (жүрген) жері, асырап алынатын баланың ата-аналары, аға-інілері мен апа-қарындастарының бар-жоғы туралы мәліметтер; 3) бала асырап алушылардың (бала асырап алушының) баланы асырап алу жөніндегі негіздейтін мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелер; 4) баланы асырап алушылар (бала асырап алушы) баланың тууы туралы акт жазбасына тиісті өзгерістер енгізгісі келген жағдайда, асырап алынатын баланың фамилиясын, атын, әкесінің атын, туған күнін (баланы бір жасқа дейін асырап алған жағдайда), асырап алынатын баланың туған жерін өзгерту туралы, баланың тууы туралы акт жазбасына бала асырап алушыларды (бала асырап алушыны) ата-аналар (ата-ана) ретінде жазу туралы өтініш көрсетілуге тиіс. 317-3-бап. Судьяның өтінішті қабылдап алғаннан кейінгі іс-әрекеті Судья істі сотта қарауға әзірлеу кезінде асырап алынатын баланың тұрғылықты (жүрген) жеріндегі қамқоршылық және қорғаншылық органдарын асырап алудың негізділігі туралы және асырап алудың баланың мүддесіне сәйкестігі туралы сотқа қорытынды беруге міндеттейді. 317-4-бап. Өтініштерді қарау Баланы асырап алу туралы істерді сот баланы асырап алушылардың (баланы асырап алушының) өздерінің, қамқоршы және қорғаншы органдар өкілдерінің, сондай-ақ прокурордың міндетті түрде қатысуымен қарайды. Сот қажет болған жағдайларда, іске қатысуға асырап алынатын баланың ата-аналарын (ата-анасын) немесе өзге заңды өкілдерін, оның туысқандарын және басқа мүдделі адамдарды, сондай-ақ он жасқа толған баланың өзін тарта алады. Сот баланы асырап алу туралы істерді соттың жабық отырысында қарайды. 317-5-бап. Соттың өтініш бойынша шешімі Баланы асырап алу туралы өтінішті қарап, сот өтінішті қанағаттандыру не оны қанағаттандырудан толық бас тарту немесе бала асырап алушылардың (бала асырап алушының) өздерін баланың ата-аналары (ата-анасы) ретінде оның тууы туралы акт жазбасына жазу туралы, сондай-ақ баланың туған күні мен жерін өзгерту туралы өтінішін қанағаттандыру бөлігінде бас тарту туралы шешім шығарады. Баланы асырап алу туралы өтiнiш қанағаттандырылған жағдайда, бала асырап алушылардың (бала асырап алушының) және асырап алынған баланың өзара құқықтары мен мiндеттерi сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап пайда болады. Соттың заңды күшiне енген шешiмi баланы асырап алуды мемлекеттік тiркеу үшiн сот орналасқан жердегi азаматтық хал актілерін жазу органына, сондай-ақ қорғаншы және қамқоршы органға жiберiледi."; 47) 3-бөлiмнiң тақырыбында "қаулыларын" деген сөз "актілерін" деген сөзбен ауыстырылсын; 48) 40-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "40-тарау. СОТ АКТIЛЕРIНЕ АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМДАНУ, НАРАЗЫЛЫҚ КЕЛТIРУ"; 49) 332-бапта: тақырыптағы "және кассациялық" деген сөздер алып тасталсын; баптың мәтiніндегі "немесе кассациялық" деген сөздер алып тасталсын; бiрiншi бөлiкте "сот шешiмдерiне" деген сөздердiң алдынан ", Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының шешiмдерiнен басқа, бiрiншi сатыдағы" деген сөздермен толықтырылсын; 50) 333-бап мынадай редакцияда жазылсын: "333-бап. Заңды күшiне енбеген шешiмдерге апелляциялық шағымдарды, наразылықтарды қарайтын соттар Апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды: 1) аудандық және оларға теңестiрiлген соттар шығарған шешiмдерге - облыстық және оған теңестiрiлген соттың азаматтық iстер жөніндегі алқасы; 2) облыстық және оларға теңестiрiлген бiрiншi сатыдағы соттар шығарған шешiмдерге - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық iстер жөніндегі алқасы қарайды."; 51) 334-баптың тақырыбы мен бiрiншi бөлiгіндегі "немесе кассациялық" деген сөздер алып тасталсын; 52) 335-бапта: тақырыптағы және бiрiншi бөлiктегi ", кассациялық" деген сөз алып тасталсын; төртiншi бөлiк алып тасталсын; 53) 336-бапта: тақырыптағы және бiрiншi бөлiктегi ", кассациялық" деген сөз алып тасталсын; екiншi бөлiктегi ", сонымен қатар кассациялық шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыру туралы бiрiншi немесе апелляциялық сатыдағы сот қаулысына" деген сөздер алып тасталсын; 54) 337-баптың тақырыбы мен мәтiніндегі ", кассациялық" деген сөз алып тасталсын; 55) 338-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: "338-бап. Бiрiншi сатыдағы соттың апелляциялық шағымды, наразылықты алғаннан кейiнгi әрекетi"; мәтіндегі ", кассациялық", "немесе кассациялық" деген сөздер алып тасталсын; бiрiншi бөлiктiң 2) тармақшасындағы "мiндеттi" деген сөз алып тасталып, "жiберуге" деген сөзден кейiн нүктелi үтiр қойылсын, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: "3) iске қатысушы адамдарды iстi апелляциялық сатыда қараудың орны мен уақыты туралы тиiсiнше хабардар етуге мiндеттi. Iстiң апелляциялық сатыда қаралатын күнi туралы хабар iс апелляциялық сатыдағы сотта зерделенетiндей, ал iске қатысушы адамдар апелляциялық сатыдағы сот отырысына қатысу құқығын пайдаланудың нақты мүмкiндiгiне ие болатындай есеппен берiлуге тиiс."; 56) 339-баптың тақырыбы мен мәтiніндегі ", кассациялық" деген сөз алып тасталсын; 57) 340-баптың тақырыбы мен бiрiншi бөлiгіндегі ", кассациялық" деген сөз алып тасталсын; 58) 341-баптың тақырыбы мен мәтiніндегі ", кассациялық" деген сөздер алып тасталсын; 59) 342-бапта: бiрiншi бөлiктегi ", кассациялық" деген сөз алып тасталсын; екiншi бөлiктегi ", ал кассациялық саты - бiрiншi немесе апелляциялық сатыдағы сот шығарған" деген сөздер алып тасталсын; 60) 343-бапта: "Кассациялық" деген сөз "Апелляциялық" деген сөзбен ауыстырылсын, ", қаулының" деген сөз алып тасталсын; бап "қабылданған" деген сөзден кейiн үтiр қойылып, "осы Кодекстiң 237-бабында аталған iстер бойынша шешiмдерден басқа," деген сөздермен толықтырылсын; 61) 344-бапта: тақырыптағы ", апелляциялық" деген сөз алып тасталсын; бiрiншi бөлiкте: бiрiншi сөйлемдегi "немесе апелляциялық" деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының iстi бiрiншi сатыдағы сот ретiнде қараған кезде шығарған қаулылары апелляциялық тәртiппен шағымдануға, наразылық келтiруге жатпайды және олар жария етiлген күнiнен бастап күшiне енедi.";
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |