|
|
|
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне Әділет біліктілік 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат): 1) 6-баптың 1-тармағындағы "біліктілік алқасында біліктілік емтиханын тапсырып," деген сөздер "аттестаттау комиссиясы аттестаттаған," деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 8-бапта: 1-тармақтағы "Әділет біліктілік алқасының ұсынуымен" деген сөздер "аттестаттау қорытындысы бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтағы "тізбесін" деген сөз "тізбесі," деген сөзбен, "Әділет біліктілік алқасы, ал лицензияның берілу мерзімі мен тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілейді" деген сөздер "лицензия беру мерзімі мен тәртібі тиісті нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді" деген сөздермен ауыстырылсын; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "6. Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасында біліктілік емтиханын тапсырған адамдар, тұрақты судьялар және өз міндеттерін атқару кезінде теріс қылықтар жасағаны және заңдылықты бұзғаны үшін судьялық қызметінен босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдар аттестаттаудан өтпестен нотариаттық қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға құқылы."; мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын: "6-1. Нотариаттық қызметті жүзеге асыруға үміткер адамдардың аттестаттаудан өту ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді."; 3) 11-баптың бірінші абзацындағы "біліктілік алқасының" деген сөздер "аттестаттау комиссиясының" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. "Адвокаттық қызмет туралы" 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 22, 328-құжат): 9-бапта: 1-тармақта "біліктілік алқасының ұсынымы" деген сөздер "аттестаттау комиссиясының шешімі" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: "2. Лицензия аттестаттаудан өткен жағдайда беріледі. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өту ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді."; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: "2-1. Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасында біліктілік емтиханын тапсырған адамдар, тұрақты судьялар және өз міндеттерін атқару кезінде теріс қылықтар жасағаны және заңдылықты бұзғаны үшін судьялық қызметінен босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдар аттестаттаудан өтпестен адвокаттық қызметпен айналысу үшін лицензия алуға құқылы.". 2-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |