|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 мамырдағы № 477
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 14 қыркүйектегі № 807 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 мамырдағы № 477 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 15, 134-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы ережеде: 1-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын: "мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар экономиканың әр түрлі салаларында мүлдем жаңа бұйымдар, технологиялық процестер әзірлегені және жасағаны үшін"; 2-тармақта "5 сыйлық санында" деген сөздер "6 сыйлық санында, оның ішінде біреуі мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар жұмыс үшін" деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақтың екінші абзацы "Комиссия" деген сөзден кейін "мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар жұмыстардан басқа" деген сөздермен толықтырылсын; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссиясы туралы ережеде: 3-тармақтың үшінші абзацы "және" деген сөзден кейін "мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар жұмыстардан басқа" деген сөздермен толықтырылсын; 7-тармақта: бірінші абзацтың екінші сөйлемінде "Мемлекеттік сыйлықтар" деген сөздер "жеке бір Мемлекеттік сыйлық" деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші, төртінші және бесінші абзацтарда "бес" деген сөздер "алты" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |