|
|
|
Республикалық меншіктің кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Ақмола облысы орталығының қоныс аударуына байланысты босайтын ғимараттар мен қызметтік үй-жайларды бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 маусымдағы № 796 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулыға қосымшада: реттік нөмірі 9-жолдың 4-бағанындағы "Сыртқы істер министрлігі" деген сөздер "Президенттің Іс басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының Астана қаласы, Кенесары көшесі, 103 мекен-жайы бойынша орналасқан әкімшілік ғимараты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне берілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |