|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 534 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды
Астана қаласын көкөніспен және картоппен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі" Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 534 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 14, 186-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген "Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі" Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарындағы: "Азық-түлікпен жабдықтау және тұтыну рыногі" деген 7-тарауда: реттік нөмірі 7.1.-жолдағы 2-баған "ұйымдастыру" деген сөзден кейін "және Астана қаласында көкөніс сақтау қоймаларын қайта қалпына келтіру" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7.6.-жолмен толықтырылсын: "7.6. Ерте пісетін көкөніс Қазақстан Астана 2002 өндіру үшін "Заречное" Республикасының қаласының жылғы акционерлік қоғамының Үкіметіне ақпарат және қараша аумағында жабық жер Ақмола алқабын қайта қалпына облысының келтіруге көмек көрсету әкімдері мүмкіндігін қарастыру ". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |