|
|
|
Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың мемлекеттік тіркелімін ҚР Үкіметінің 19.10.04 ж. № 1075 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 2000-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2000 жылғы 14 наурыздағы № 359 және "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлықтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың мемлекеттік тіркелімін жүргізу ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 қазандағы № 1351 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың мемлекеттік тiркелiмiн жүргiзу ережесi 1. Жалпы ережелер 1. Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың мемлекеттік тiркелiмiн жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғаларының ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстарын мемлекеттік есепке алу мен тiркеудi жүргiзу тәртібін анықтайды. 2. Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстарды мемлекеттік есепке алу мен тiркеу мына мақсаттарда жүзеге асырылады: азаматтар мен ұйымдарды дерекқорларда бар ақпараттар туралы, сондай-ақ оларға қол жеткiзу тәртібі туралы хабардар ету; Қазақстан Республикасының мемлекеттік билiк органдарын ақпараттық қамсыздандыруды ұйымдастыру; дерек беру желiлерiнiң бар екендiгi, жай-күйi мен параметрлерi туралы, өздерi қолдайтын деректер беру хаттамалары, тораптардың аймақтық орналасуы, қорғалу дәрежесi туралы хабардар ету; ақпараттық жүйелер мен дерекқорларды әзiрлеушiлер үшiн қолда бар деректер туралы және басқа дерекқорлармен ақпарат алмасуды жолға қою немесе олармен кiрiгу мүмкiндiктерi туралы ақпарат беру. 3. Әзiрленуi мен құрылуы мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының аумағындағы мемлекеттік дерекқорлар және деректердi беру желiлерi мiндеттi түрде мемлекеттік есепке алынуы және тiркелуi тиiс. Мемлекеттік емес дерекқорларды және деректер беру желiлерiн мемлекеттік тiркеу көрсетiлген дерекқорлар және деректердi беру желiлерi иелерiнiң бастамасы бойынша жүргiзiлуi мүмкiн. Мемлекеттік емес дерекқорларды және деректер беру желiлерiн жаңарту (өзектi ету) көрсетiлген дерекқорлар және деректер беру желiлерi иелерiнiң бастамасы бойынша жүргiзiлуi мүмкiн. Дерекқорларды мемлекеттік есепке алу оларды әзiрлеу кезеңiнде жүзеге асырылады. Дерекқорларды мемлекеттік тiркеу олар пайдалануға қабылданғаннан кейiн жүзеге асырылады. Деректер беру желiлерiн мемлекеттік тiркеу оның иесi деректер беру қызметiн көрсетуге белгiленген тәртiппен тиiстi лицензия алғаннан кейiн жүзеге асырылады. Осы Ереженi бекіту кезiне пайдаланымда болған мемлекеттік дерекқорлар және мемлекеттік деректер беру желiлерi Ереже жарияланған күннен бастап 3 ай iшiнде тiркелуi тиiс. 4. Мемлекеттік есепке алу және тiркеу жалпы пайдаланудағы дерекқорларды да, басқару, өндiру, зерттеу және басқа да процестердi қамтамасыз ету үшiн түрлi автоматтандырылған жүйелерде пайдаланылатын дерекқорларды да қамтиды. Заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәлiметтерге жатқызылған ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстарды қоспағанда, кез келген тақырыптық бағыттағы, мақсаттағы және құрылымдағы ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстар осы Ережеге сәйкес мемлекеттік есепке алынуы және тiркелуi тиiс. Бұл ретте заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәлiметтерге жатқызылған ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстар тек Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттiгiнiң келісімiмен және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң рұқсат етуiмен, қорғау және оларға қол жеткiзудi шектеу жөніндегі қажеттi iс-шаралар сақтала отырып, есепке алынуы және тiркелуi тиiс. 5. Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстарды мемлекеттік есепке алу мен тiркеудi мемлекеттік ақпараттық жүйелердi құру және олардың өзара iс-қимылын ұйымдастыру жөніндегі уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi - уәкiлеттi ұйым) жүзеге асырады. 6. Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстарды тiркеу ресурс иесiнiң өтiнiмi негiзiнде жүргiзiледi. Уәкiлеттi ұйым көрсетiлген өтiнiмдi алған кезден бастап бiр айдың iшiнде оны тiркеп, тiркеу куәлiгiн бередi не нысанды тiркеуден жазбаша дәлелдi бас тартады. Мемлекеттік дерекқорлар және мемлекеттік деректер беру желiлерi үшiн тiркеу және тiркеу туралы куәлiктер беру ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың мемлекеттік тiркелiмi қызметiне бөлiнетiн республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Мемлекеттік емес дерекқорларды және мемлекеттік емес деректер беру желiлерiн тiркеу және тiркеу туралы куәлiктердi ресiмдеу белгiленген тәртiппен бекітілген тарифтер бойынша, ақылы негiзде жүзеге асырылады. Дерекқорларды әзiрлеу туралы хабарлама, тiркелу өтiнiмдерi, дерекқорлар және деректер беру желiлерiн тiркеу туралы куәлiктер нысандарын, сондай-ақ тiркелу өтiнiмдерiн толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды байланыс және ақпараттандыру саласындағы уәкілеттi орган бекiтедi. 7. Уәкiлеттi ұйым Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың мемлекеттік тiркелiмiн (бұдан әрi - Мемлекеттік тiркелiм) жүргiзедi, сондай-ақ тiркелген ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстар туралы дерекқор жасайды және пайдаланады. 8. Уәкілеттi ұйым құрылатын және пайдаланымдағы дерекқорлар және деректер беру желiлерi туралы мәлiметтердi мемлекеттік есепке алу мен тiркеу үшiн, ұйымдар мен кәсіпорындарға оларды дайындауда қажеттi әдiстемелiк көмек көрсетедi. 2. Ережеде пайдаланылатын негiзгi түсініктер 9. Ережеде мынадай негiзгi түсiнiктер пайдаланылады: 1) ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстар - дерекқорлар және деректердi беру желiлерi; 2) дерекқор - машина оқуы көздерiнде ұйымдастырылған өзара байланысты деректер жиынтығы; 3) мемлекеттік дерекқор - толығынан немесе iшiнара мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен жасалған, сатып алынған, жинақталған немесе алып жүретiн деректер қоры; 4) деректер беру желісі - заңды және жеке тұлғалар арасында ақпарат алмасуды, ақпараттық ресурстарға қол жеткiзудi және ақпараттық ресурстардың өзара iс-қимылын ұйымдастыру үшiн жүйеге бiрiктiрiлген телекоммуникациялық жабдық; 5) мемлекеттік деректер беру желісі - толығынан немесе iшiнара мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен жасалған, сатып алынған, жинақталған немесе алып жүретiн деректер беру желісі; 6) ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстар иесi - көрсетiлген ресурстарға иелiктi және пайдалануды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлға. 3. Дерекқорларды есепке алу және тiркеу 10. Мемлекеттік дерекқорларды сатып алуды және пайдаланымды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар уәкiлеттi ұйымға хабарлама немесе тiркелу өтiнiмдерiн жiбередi. 11. Мемлекеттік дерекқорларды есепке алу үшiн оларды әзiрлеу басталғаны туралы хабарлама: дерекқорларды әзiрлеушiмен Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес анықталған шарт жасасқан; әзiрленуi оны орындауға арналған шартта немесе техникалық тапсырмада көзделген жұмыстың құрамдас бөлiгi немесе жеке кезеңi болып табылатын дерекқорлар бойынша жұмыстың тиiстi кезеңi басталған күннен бастап 20 күндiк мерзiмде жiберiледi. 12. Мемлекеттік дерекқорларды тiркеу үшiн тiркелу өтiнiмдерi оларды пайдаланымға қабылдаған немесе оларды беру туралы шарт орындалған (жасалып қойған дерекқорларды сатып алу жағдайында) кезден бастап 20 күндiк мерзiмде жiберiледi. Тiркелу өтiнiмiнде көрсетiлген мәлiметтердiң толықтығы мен дұрыстығы үшiн өтiнiм берушi (дерекқор иесi) Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгіленген тәртiппен жауапты болады. 13. Мемлекеттік емес дерекқорлар иесiнiң бастамасы бойынша мемлекеттік тiркеуге өтiнiмдердi ресiмдеу пайдаланымның кез келген кезеңiнде жүргiзiледi. Мемлекеттік емес дерекқорды әзiрлеу туралы хабарлау талап етiлмейдi. 14. Тiркелу өтiнiмдерi мен хабарламаның бiр данасы уәкiлеттi ұйымға магниттiк көздерде электронды түрде немесе уәкiлетті ұйымның тiркеу қызметi электронды почтасының ресми атауы бойынша жiберiледi. Өтiнiм мәтiнi қағаз көзге көшiрiледi және өтiнiш берушi ұйымның басшысы қол қойған әрi мөрiмен куәландырылған тапсырыс хатпен, бандерольмен немесе шабарманмен уәкiлеттi ұйымға жiберiледi. Дұрыс ресiмделмеген тiркелу өтiнiмдерi қайтарылу себептерi көрсетiле отырып, түзету үшiн өтiнiш берушiге қайтарылады. Өтiнiм берушiлер қайтарылған тiркелу өтiнiмiн алған күннен бастап 10 күндiк мерзiмде, тiркелу өтiнiмiнiң қайтарылу себептерiн жойғаннан кейiн, тiркелу өтiнiмiн қайтадан тiркеу үшiн жiбередi. 15. Уәкiлеттi ұйым дұрыс ресiмделген тiркелу өтiнiмiн алған кезден бастап 20 күн iшiнде өтiнiм берушiнің дерекқорын Мемлекеттік тiркелiмге кiргiзуге және оған тiркеу нөмiрiн беруге, өтiнiш берушiге тiркеу туралы куәлiк беруге мiндеттi. 4. Деректер беру желiлерiн тiркеу 16. Мемлекеттік деректер беру желiлерiнiң иелерi Ақпараттық- телекоммуникациялық ресурстар мемлекеттік тiркелiмiне тiркеу үшiн тiркелу өтiнiмдерiн желiлердi пайдаланымға енгiзген кезден бастап 20 күн iшiнде жiберуге мiндеттi. 17. Деректер беру желiлерi үшiн тiркелу өтiнiмдерiн беру осы Ереженiң 14-тармағында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. 18. Тiркелу өтiнiмiнде көрсетiлген мәлiметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшiн өтiнiм берушi (деректер беру желісінiң иесi) Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерінде белгiленген тәртiппен жауапты болады. 5. Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстар мемлекеттік тiркелiмiнiң мәлiметтерiн жаңарту (өзектi ету) 19. Тiркелгенi туралы куәлiгi бар ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстар иесi жыл сайын 31 наурыздан кешiктiрмей уәкiлеттi ұйымға ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың толық жаңартылған (өзектi етiлген) сипаттамасын (тiркелу өтiнiмi нысаны бойынша) немесе ресурсты пайдаланудың тоқтатылғаны туралы себептерiн қысқаша мазмұндай отырып, еркiн нысанда хабар ұсынуға мiндеттi. 20. Жаңартылған (өзектi етiлген) сипаттама немесе ақпараттық- телекоммуникациялық ресурсты пайдаланудың тоқтатылғаны туралы хабар белгiленген мерзiмде ұсынылмаған жағдайда, уәкiлеттi ұйым оның иесiне Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстар мемлекеттік тiркелiмiнің мәлiметтерiн жаңарту қажеттiгi туралы жазбаша еске салу жiбередi. Егер иеленушiге жазбаша еске салу жiберген кезден бастап 2 апталық мерзiмде жаңартылған (өзектi етiлген) сипаттама немесе ресурсты пайдаланудың тоқтатылғаны туралы хабар түспесе, уәкiлеттi ұйым ресурсты әзiрлеудi немесе пайдалануды қаржыландырушы мемлекеттік органға тәртiп бұзушылықты жою жөнiнде шаралар қабылдау үшiн тиiстi хабарлама жiбередi. Хабарламаның көшiрмесi мәлiмет үшiн байланыс және ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органға жiберiледi. 21. Уәкiлеттi ұйым тiркелген ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстар иелерінен тіркеу деректерiнің құрамын немесе мазмұнын нақтылаумен немесе оның өзгеруiмен байланысты ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстар туралы қосымша ақпарат сұрауға құқылы. 22. Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурсты пайдаланудың тоқтатылғаны туралы хабар алынған жағдайда, оның Мемлекеттік тiркелiмдегi тiркеу күшi жойылады, бұл туралы осы ресурс иесiне тiркеу күшi жойылған кезден бастап бiр ай iшiнде жазбаша түрде хабарланады. 23. Байланыс және ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен бiрлесе, уәкiлеттi ұйымды тарта отырып, заңнамада белгiленген тәртiппен тiркелген ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстарды қалыптастыру мен пайдалану жөнiнде тексерудi жүзеге асыруға құқылы. Тексеру барысында мыналар зерделенедi: мемлекеттік ақпараттық ресурстар иелерiнiң Ақпараттық- телекоммуникациялық ресурстар мемлекеттік тiркелiмiне ұсынған мәлiметтерiнiң дұрыстығы, толықтығы және өзектiлiгi; мемлекеттік ақпараттық ресурстарға қол жеткiзудi қамтамасыз ету бойынша ақылы қызметтер көрсету жағдайының қолданыстағы заңнамаға сәйкестiгi; егер мемлекеттік ақпараттық ресурстарға қол жеткiзудi шектеулер бар болса, қолданыстағы заңнаманың талаптары ескерiле отырып, ондай шектеулердiң негiздiлiгi. 6. Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстарды тiркеу туралы мәлiметтердi ұсыну мен жариялау тәртібі 24. Уәкiлеттi ұйым байланыс және ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органға ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстарды есепке алу мен тіркеу барысы туралы тоқсан сайынғы есепті, сондай-ақ оларды өзекті ету туралы мәліметтерді ұсынады. 25. Уәкілетті ұйым тоқсан сайын орталық мемлекеттік атқарушы органдарға жаңадан тіркелген ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстар туралы қысқаша талдау анықтамалар жібереді. 26. Уәкілетті ұйым есепке алынған және тіркелген ақпараттық- телекоммуникациялық ресурстар туралы мәліметтерді жариялайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген дерекқорлар туралы және Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың мемлекеттік тіркелімі дерекқорының негізінде ақылы ақпараттық қызметтер көрсетеді. 27. Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстар тіркелімі дерекқорларының үзінділері және жалпы сипаттағы талдау материалдары Қазақстан Республикасының Үкіметі Веб-сайтының тиісті бөлімдерінде жариялануға тиіс.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |