|
|
|
БН-350 реакторын басқару және қорғау жүйесіне арналған өзек-жұтушы "Қазақстан Республикасындағы тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Маңғышлақ атом энергокомбинаты" мемлекеттік кәсіпорнына (Ақтау қаласы) 1997 жылы Ресей Федерациясынан "Техснабэкспорт" сыртқы экономикалық акционерлік қоғамымен (Мәскеу қаласы) 1994 жылғы 5 тамыздағы № 08843672/40219-09 келісім-шартқа 1997 жылғы 25 сәуірдегі № 4 қосымшаға сәйкес БН-350 реакторын басқару және қорғау жүйесіне арналған сб. 1047А (СЭҚ ТН коды 8401) үлгісіндегі бір өзек-жұтушы әкелуге рұқсат берілсін. 2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі белгіленген тәртіппен лицензия берсін. 3. Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі БН-350 реакторын басқару және қорғау жүйесіне арналған өзек-жұтушының әкелінуіне бақылау жасауды қамтамасыз етсін. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |