Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 18 қыркүйектегі № 1306 бұйрығымен бекітілген Акциз бойынша декларация жасау Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 10.12.02 ж. № 608 бұйрығына сәйкес күші жойылды 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шілдедегі Кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) әзірленді және акцизделетін тауарлар бойынша акциз есептеу мен уақытылы төлеуге арналған Акциз бойынша декларация (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. 2. Декларация Декларацияның өзінен (400.00-нысан) және акцизбен салық салу объектілері туралы ақпаратты ашатын оған қосымшалардан (400.01-400.11-нысандар) тұрады. 1) қағаз түрінде - қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысымен толтырылады; 2) электронды түрде - Кодекстің 69-бабының 1-тармағына сәйкес толтырылады. 4. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді, "+, /, %, Z" белгілері пайдаланылмайды. 5. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті тор көз толтырылмайды. 6. Қосымшаларда көрсетілуге тиісті деректер болмаған жағдайда, көрсетілген қосымша берілмейді. 7. Қосымшаның "Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат" бөлімінде Декларацияның "Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат" бөлімінде көрсетілген тиісті көрсеткіштер көрсетіледі. 8. Соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол жақтағы тор көзінде "-" белгісімен белгіленеді. 1) Декларация қағаз түрінде келу тәртібінде екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады; 2) салық төлеуші хабарламаны почта арқылы хабарламалы тапсырысты хатпен қағаз түрінде почта немесе өзгелей байланыс ұйымы арқылы алады; 3) салық төлеуші Декларацияның жеткені туралы хабарламаны келу тәртібінде электронды түрде болмаса Кодекстің 69-бабының 8-тармағының 3) тармақшасына сәйкес электронды түрде салық органынан не электронды почта бойынша алады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|