|
|
|
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексінің) қабылдануына Қазақстан Республикасының 2001 ж. 24 желтоқсандағы № 276-ІІ Заңы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. «Жеке кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау туралы» 1992 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 16, 424-құжат; 1995 ж., № 20, 120, 121-құжаттар; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1999 ж., № 23, 931-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат): 1) 8-баптың 4-тармағының екiншi бөлiгіндегі «Мемлекеттік» деген сөз кiшi әрiппен жазылып, оның алдынан мынадай сөздермен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде көзделген жағдайларды қоспағанда,»; 2) 12-баптағы «салық инспекциясы» деген сөздер «салық қызметi» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 14-баптың он бірiншi абзацындағы «енгiзгеннен» деген сөз қазақша мәтiннен түсiп қалғандықтан мынадай редакцияда жазылсын: «Кәсiпкерлiк қызметтен түскен пайданың (табыстың) салықтарды және басқа да мiндеттi төлемдердi төлегеннен кейiн қалғанын еркiн жұмсау;»; 4) 15-баптың алтыншы абзацы «салықтарды» деген сөзден кейiн «және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi» деген сөздермен толықтырылсын; 5) 20-баптың 4-тармағының бірiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: «4. Бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырушы мемлекеттік органдардың тексерулерi олардың құзыретiне қатаң сәйкес түрде жүргiзiледi.». 2. 1993 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Орман кодексiне (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 3, 45-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж, № 11, 357-құжат; 2001 ж., № 3, 20-құжат): 68-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Орманды пайдаланғаны үшiн бюджетке ақы төлеу ставкалары, есептеу мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес белгiленедi.». 3. 1993 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының Су кодексiне (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 7, 149-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 22, 408-құжат; 1999 ж, № 11, 357-құжат; 2001 ж., № 3, 20-құжат): 1) 12-баптың он үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «жер үстi су көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төленетiн ақы ставкаларын белгiлеу;»; 2) 47-бапта: 3-тармақтағы «Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленгендегiден басқа реттерде» деген сөздер алып тасталсын; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Жер үстi су көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төленетiн ақыны бюджетке есептеу мен төлеудiң тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес белгiленедi.»; 3) 48-бап алып тасталсын. 4. «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 1993 жылғы 21 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің Жаршысы, 1993 ж., № 18, 439-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 11, 357-құжат; 2001 ж., № 3, 20-құжат): 1) 10-баптың бесiншi абзацы алып тасталсын; 2) 33-бапта: төртiншi бөлiктiң үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «жануарлар дүниесiн пайдалану үшiн төлемдер мөлшерлерi;»; мынадай мазмұндағы алтыншы бөлiкпен толықтырылсын: «Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төленетiн ақының бюджетке толық енгiзiлгенiн растайтын құжат бар болған жағдайда ғана берiледi.»; 3) 35-бапта: бірiншi және екiншi бөлiктер мынадай редакцияда жазылсын: «Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн бюджетке енгiзiлуге тиiс ақы алынады. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төленетiн ақының ставкалары, бюджетке есептеу және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес белгiленедi.»; 4) 37-баптың екiншi бөлiгi алып тасталсын. 5. «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат): 1) 9-бапта: алтыншы бөлiктегi», су жолдарын» және «сондай-ақ» деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы, оныншы бөлiктермен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының кеме жүретiн су жолдарын пайдалану ақылы түрде жүзеге асырылады. Кеме жүретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн ақының ставкалары, бюджетке есептеу және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес белгiленедi. Кеме жүретiн су жолдарын пайдалану құқығы көлiктi бақылау мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган әр күнтiзбелiк жылға беретiн рұқсаттық құжатпен берiледi. Кеме иеленушi техникалық ақаулық себептермен немесе өзгедей себептермен кеменi пайдаланбаған жағдайда, ол мұндай фактiлердi растау үшiн уәкiлеттi мемлекеттік органға бұл туралы хабарлайды. Бұл ретте уәкiлеттi мемлекеттік орган мұндай фактiлердi тексергеннен және анықтағаннан кейiн рұқсаттық құжатқа тиiстi өзгерістер енгiзедi.»; 2) 15-бап мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын: «Механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi, теңiз, өзен кемелерiн және шағын көлемдi кемелердi, азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттік тiркегенi үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiпте алым алынады.»; 3) 25-баптың бірiншi бөлiгіндегі «кәсiпорындардың» деген сөз «тасымалдаушылардың» деген сөзбен ауыстырылсын. 6. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат, № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат): 1) 19-баптың 4-тармағының екiншi бөлiгіндегі «Мемлекеттік» деген сөз кiшi әрiппен жазылып, мынадай сөздермен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда,"; 2) 38-баптың 3-тармағы алып тасталсын; 3) 49-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы», соның iшiнде заңда белгiленген табыс ету мерзiмiнен кейiн бір жыл өткен соң корпорациялық табыс салығы туралы (жиынтық жылдық табыс пен жасалған шегерiмдер туралы) декларация немесе оңайлатылған декларация табыс етпеген, заңды тұлғаның кредиторлары, заңды тұлға орналасқан жерi бойынша немесе нақты мекен-жайы бойынша болмаған, сондай ақ заңды тұлға бір жыл ішінде оларсыз жұмыс істей алмайтын құрылтайшылар (қатысушылар) және лауазымды адамдар болмаған;»деген сөздермен толықтырылсын; үшiншi сөйлем алып тасталсын; мынадай мазмұндағы екiншi, үшiншi, төртiншi бөлiктермен толықтырылсын: «Коммуналдық меншiкке түскен мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және сату жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Мемлекеттік меншiкке түскен мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және сату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. Сот шешiмi бойынша коммуналдық меншiкке түстi деп танылмаған иесiз қозғалмайтын зат оны тастап кеткен меншiк иесiнiң иелiгiне, пайдалануына және билiк етуiне қайта қабылдануы, не иелену мерзiмiне орай (осы Кодекстiң 240-бабы) меншiкке алынуы мүмкiн.»; 5) 282-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгіндегі екiншi және үшiншi сөйлемдер алып тасталсын. 7. «Лицензиялау туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 37-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 93-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 236-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 7, 80-құжат; № 11, 144, 149-құжаттар; № 12, 184-құжат; № 13-14, 195, 205-құжаттар; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 14, 201-құжат; № 16, 219-құжат; № 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; № 23, 416-құжат; № 24, 452-құжат; 1999 ж., № 20, 721, 727-құжаттар; № 21, 787-құжат; № 22, 791-құжат; № 23, 931-құжат; № 24, 1066-құжат; 2000 ж., № 10, 248-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52, 54-құжаттар; № 13-14, 173, 176-құжаттар): 1) 15-бапта: тоғызыншы бөлiк «алым» деген сөздiң алдынан «лицензиялық» деген сөзбен толықтырылсын; он үшiншi бөлiктегi «алым» деген сөз «қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 16-баптың 3) тармақшасындағы «алым төленгенiн» деген сөздер «лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 18-бапта: тақырыптағы «алым» деген сөз «лицензиялық алым» деген сөздермен ауыстырылсын; бірiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын: «Қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның бюджетке төленетiн ставкалары, есептеу мен төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес белгiленедi.»; 4) 19-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «төленетiн» деген сөзден кейiн «лицензиялық» деген сөзбен толықтырылсын. 8. Қазақстан Республикасы Президентінің «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2198 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат): 1) 6-баптың оныншы бөлiгіндегі «заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеуден өткізу үшiн алым төлегенi туралы квитанция немесе төлем тапсырылымының көшiрмесi» деген сөздер «заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеуден өткізу үшiн бюджетке алым төлегенi туралы квитанция немесе оны растайтын құжат» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын: «10-бап. Мемлекеттік тiркеуге ақы төлеу Заңды тұлғаларды және олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн құруды және қызметiн тоқтатуды мемлекеттік (есептiк) тiркеу, оларды қайта тiркеу кезiнде, сондай-ақ олардың мемлекеттік (есептiк) тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн алуы кезiнде Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен алым алынады.»; 3) 11-баптың үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеуден өткізу үшiн төленген алымды қайтару Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде көзделген реттерде жүргiзiледi.»; 4) 14-бапта: екiншi бөлiктегi «қайта тiркеу үшiн алым төленгендiгi туралы квитанция немесе төлем тапсырылымы» деген сөздер «заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркегенi үшiн бюджетке алым төлегенiн растайтын құжат» деген сөздермен ауыстырылсын; алтыншы бөлiгіндегі «салық заңдарымен белгiленген мөлшерде» деген сөздер «Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 15-баптың екiншi бөлiгіндегі «салық заңына сәйкес» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртіппен заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден өткізу үшiн» деген сөздермен ауыстырылсын. 9. Қазақстан Республикасы Президентінің «Дәрiлiк заттар туралы» 1995 жылғы 23 қарашадағы № 2655 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 22, 137-құжат): 12-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: «3. Дәрiлiк заттарды мемлекеттік тiркегенi үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен алым алынады.». 10. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 148-құжат): 26-бапта: тақырыптағы және мәтіндегі «тiркеу», «тiркелуге» деген сөздер тиiсiнше «мемлекеттік тiркеу», «мемлекеттік тiркелуге» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы жетiншi бөлiкпен толықтырылсын: «Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттік тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен алым алынады. Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттік тiркеу аталған алымды бюджетке төлегеннен кейiн жүзеге асырылады.». 11. Қазақстан Республикасы Президентінің «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу туралы» 1995 жылғы 25 желтоқсандағы № 2727 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 168-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 21, 277-құжат): 1) 5-1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «5-1-бап. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркегенi үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен алым алынады.»; 2) 6-бапта: тақырыптағы «Тiркеу және» деген сөздер алып тасталып, «ақпарат» деген сөз бас әрiппен жазылсын; «жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркегені үшін, сондай-ақ» деген сөздер алып тасталып, «ақпараттық» деген сөз бас әрiппен жазылсын; 3) 13-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркегенi үшiн алынатын алым сомасының бюджетке төленгенiн растайтын құжат тапсыруға тиiс.». 12. Қазақстан Республикасы Президентінің «Бухгалтерлiк есепке алу туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2732 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 171-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат): 1) 1-баптың 1-тармағында «сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген резидент еместердiң филиалдары мен өкiлдiктерiнің» деген сөздер «Қазақстан Республикасының аумағында филиалдары мен өкiлдiктерi арқылы қызметiн жүзеге асыратын резидент еместердiң» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 16-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Оңайлатылған нысан бойынша қаржылық есеп берудi, акцизделетiн өнiмдердi өндiрумен, ұқсатумен және сатумен айналысатын субъектiлерiнен басқа (алкоголь және темекi өнiмдерiн бөлшек сатуды қоспағанда) шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерi жасайды. Бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзудiң оңайлатылған нысаны уәкiлеттi орган бекiткен бухгалтерлiк есеп стандарттарымен айқындалады.». 13. «Қоғамдық бірлестiктер туралы» 1996 жылғы 31 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 234-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63-құжат): 13-бапта: төртiншi бөлiктегi «тiркеу алымының» деген сөздер «заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеуден өткiзгенi үшiн алымның» деген сөздермен ауыстырылсын; жетiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын: «Қоғамдық бірлестiктердi тiркеу және қайта тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеуден өткiзгенi үшiн алым алынады.». 14. «Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы» 1996 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 273-құжат): 1) 1-бап мынадай мазмұндағы оныншы және он бірiншi абзацтармен толықтырылсын: «механикалық көлiк құралы - мопедтен басқа, двигатель арқылы жүретiн көлiк құралы. Бұл ұғым тракторлар мен өздiгiнен жүретiн машиналарға да қолданылады; тiркеме - двигательмен жабдықталмаған және механикалық көлiк құралының құрамында жүруге арналған көлiк құралы. Бұл ұғым жартылай тiркемелер мен ұзартылмалы тiркемелерге де қолданылады.»; 2) 18-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердiң жекелеген түрлерiнiң жол қозғалысына қатысуына рұқсат берудi Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлеттiк берген органдар мемлекеттік тiркеу және тиiстi құжаттар мен мемлекеттік тiркеу нөмiр белгiлерiн беру арқылы жүзеге асырады. Механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi сертификатсыз немесе оның белгiленген қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын басқа да құжатсыз мемлекеттік тiркеуге тыйым салынады. Механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердiң мынадай түрлерi мемлекеттік тiркелуге жатады: 1) олардың базасында жасалған арнайы автомобильдердi қоса алғанда, жеңiл, жүк автомобильдерi және автобустар; 2) мотоциклдер және мотороллерлер; 3) олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi қоса алғанда, доңғалақты тракторлар; 4) автомобильдер мен доңғалақты тракторлардың құрамында жүруге арналған тiркемелер. Механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердiң мынадай түрлерi мемлекеттік тiркелуге жатпайды: 1) конструкциялық жағынан жол қозғалысына қатысуға арналмаған механикалық көлiк құралдары мен тiркемелер; 2) жабық аумақтарда технологиялық көлiк ретiнде пайдаланылатын, олардың базасында жасалған арнайы автомобильдердi қоса алғанда, өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, тiркемелер, автомобильдер мен доңғалақты тракторлар; 3) троллейбустар; 4) трамвайлар және рельспен жүретiн басқа да механикалық көлiк құралдары; 5) басқа мемлекеттерде тiркелген және Қазақстан Республикасының аумағына екi айдан кем мерзiмге әкелiнген, олардың шассилерiнде жасалған арнайы автомобильдердi қоса алғанда, жеңiл, жүк автомобильдерi мен автобустар, мотоциклдер мен мотороллерлер.»; 3) 19-баптың 1-тармағындағы «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Мемлекеттік автомобиль инспекциясында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Yкіметі уәкiлеттiк берген мемлекеттік органда» деген сөздермен ауыстырылсын. 15. «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат; 2000 ж, № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат): 20-бапта: тақырыбындағы «және одан босату» деген сөздер алып тасталсын; 3-тармақ алып тасталсын. 16. «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» 1997 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 8, 87-құжат): 1) осы Заңда қолданылатын ұғымдар мынадай мазмұндағы оныншы бөлiкпен толықтырылсын: «Вексель қағазы - белгiлi бір қорғалу дәрежесi бар және оған вексель жасауға арналған елтаңбалы қағаздың бір түрi.»; 2) 80-баптың үшiншi бөлiгi алып тасталсын; 3) мынадай мазмұндағы 83-1-баппен толықтырылсын: «83-1-бап Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе оған әкелiнетiн вексель қағазының мазмұны мен нысанына, қорғалу дәрежесiне және ондағы вексельдiң сомасын мiндеттi түрде баспаханалық тәсiлмен көрсетуге қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi. Вексель қағаздарын шығаруға байланысты қызмет Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес лицензиялануға жатады. Қазақстан Республикасының аумағында вексельдер жай қағазда жасалуы да мүмкiн. Вексель қағазының мәтiнi (вексель бланкi) мемлекеттік және орыс тілдерiнде жазылуға тиiс.»; 4) мынадай мазмұндағы 16-1-тараумен толықтырылсын: «16-1-тарау. Елтаңбалық алым 92-1-бап Елтаңбалық алым - аударым вексельдерi мен жай вексельдер жасау кезiнде, вексель қағазын иемдену кезiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оның аумағына әкелiнетiн вексельдер бойынша құқықтар мен мiндеттердiң пайда болуына, өзгеруiне немесе тоқтатылуына (индоссаттау, авальдау, акцепт, инкассоға беру және басқалары) бағытталған алғашқы iс-қимылды жасау кезiнде жеке және заңды тұлғалардан біржолғы алынатын төлем. Елтаңбалық алымның сомасы, вексель қағазын сатып алу кезiнде төлеттiрудi қоспағанда, банк арқылы енгiзiледi және елтаңбалық алымды төлеу туралы вексельге қоса берiлген квитанциямен расталады. Қазақстан Республикасының аумағында елтаңбалық алымды төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда, вексельден туындайтын құқықтар елтаңбалық алымның барлық сомасы төленгенге дейiн тоқтатыла тұрады және елтаңбалық алымның толық сомасы төленген кезден бастап жалғастырылады. Елтаңбалық алым толық төленбеген жағдайда оның қосымша төлемiн вексель берушi де, вексель ұстаушы да немесе басқа тұлға да вексельге оның қосымша төлемi туралы квитанцияны қоса бере отырып жүргiзуi мүмкiн. Вексель ұстаушының, сондай-ақ елтаңбалық алым сомасын қосымша төлеген өзге тұлғаның Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оны вексель берушiден өтеудi талап етуге құқығы бар. Елтаңбалық алымның ставкалары, бюджетке есептеу және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес белгiленедi.». 17. «Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттік қолдау туралы» 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 182-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 21, 778-құжат; № 23, 931-құжат; 2001 ж., № 4, 23-құжат; № 8, 52-құжат): 1) 9-баптың 3-тармағы алып тасталсын; 2) 10-баптың 1-тармағындағы «табыс етiледi» деген сөз «табыс етiлуi мүмкiн» деген сөздермен ауыстырылсын. 18. «Жеке кәсiпкерлiк туралы» 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 185-құжат; № 22, 333-құжат; 1999 ж., № 23, 931-құжат): 1) 9-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгіндегі «Осы» деген сөз кiшi әрiппен жазылып, оның алдынан «Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде көзделген жағдайларды қоспағанда,»деген сөздермен толықтырылсын; 1-тармақтың: бірiншi бөлiгiнiң 1), 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «1) уәкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтiнiштi; 2) жеке кәсiпкерлердi мемлекеттік тiркегенi үшiн алынатын алым сомасының бюджетке төленгенiн растайтын құжатты табыс етедi.»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Осы Заңның 9-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда, ерлi-зайыптылар кәсiпкерлiгi, отбасылық кәсiпкерлiк, сондай-ақ тұрақты негiзде құрылатын жай серiктестiк нысанында бірлескен жеке кәсiпкерлiктi тiркеу кезiнде азаматтармен, ұйымдармен және мемлекеттік органдармен қатынаста мүдделерiн бiлдiруге және азаматтық-құқықтық мәмiлелердi жүзеге асыруға уәкiлеттi тұлға өтiнiш бередi. Мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк уәкiлеттi тұлғаға жазып берiледi. Куәлiкке тiркеушi органның басшысы растаған бірлескен жеке кәсiпкерлiк мүшелерiнiң тiзiмi қоса берiледi.». 4-тармақта: бірiншi бөлiкте «заңмен белгiленетiн мөлшер мен тәртiп бойынша» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен» деген сөздермен ауыстырылсын; екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк беруге арналған өтiнiште көрсетiлген деректер өзгерген ретте кәсiпкер өзгерістер туралы тiркеушi органға осы орган белгiлеген нысан бойынша хабарлауға мiндеттi. Мемлекеттік тiркеу туралы куәлiкте көрсетiлген деректер өзгерген ретте кәсiпкер қайта тiркеудi жүзеге асыруға және жаңа куәлiк алуға мiндеттi.»; үшiншi бөлiктегi «куәлiктiң көшiрмесi» деген сөздер «мемлекеттік тiркеудi растайтын құжаттың көшiрмесi» деген сөздермен ауыстырылсын; төртiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік тiркеудi растайтын құжаттың көшiрмесi берiлгенi үшiн кәсiпкерден Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленетiн тәртiппен алым алынады.»; 3) 11-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгi алып тасталсын; 4) 12-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Лицензия берiлгенi үшiн жеке кәсiпкерден қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым алынады. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгiленедi.»; 5) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын: «21-бап. Жеке кәсiпкерлерге салық салу Жеке кәсiпкерлерге салық салу Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.»;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |