|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1880 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 21 қаңтардағы № 72 қаулысы ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 140 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1880 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы Ережеде: 2-тармақтағы «мемлекеттік комитеттерінің» деген сөздер алынып тасталсын; 5-тармақтағы «Халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» деген сөздер «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) көрсетілген қаулыға қосымшада: Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін: Айдарханов Арман Тергеуұлы - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, төрағаның орынбасары; Өтеулина Хафиза Мұхтарқызы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, төрағаның орынбасары; Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым бірінші вице-министрі; Сармұрзина Раушан Ғайсақызы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мемлекеттік активтерді басқару департаментінің директоры; Ержанов Аманияз Қасымұлы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті төрағасының орынбасары; Шығанбаев Ерғали Әбдімомынұлы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті Кеден режимдері мен кедендік ресімдеуді бақылауды ұйымдастыру бас басқармасының бастығы; Жұмабеков Болат Ахашбекұлы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті Кедендік кірістер бас басқармасының бастығы; Кесікбаев Сұлтанғали Қабденұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік органдарды қаржыландыру департаментінің директоры; Ким Афанасий Григорьевич - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы департаментінің директоры, Астана қаласындағы өкілетті өкілі; Оразбақов Ғалым Ізбасарұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрі; Зверьков Вадим Павлович - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі; Әбусейітов Қайрат Қуатұлы - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер вице-министрі; Мұстафина Сабила Сапарқызы - Қазақстан Республикасының Министрі Хатшылығының меңгерушісі - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Хатшылығының меңгерушісі; көрсетілген құрамнан мыналар шығарылсын: Дерновой А.Г., Велимухаметов М.М., Гамарник Г.Н., Мұхамеджанов Қ.С., Тоқсейітов Р.Қ., Шкляр В.В., Асқарова А.Б., Шалова С.А., Қасымова С.Б. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |