Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Италия Республикасының Келісім 2003 ж. 18 қарашадағы № 499-ІІ ҚР Заңына сәйкес бекітілді Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Италия Республикасының Yкіметі екi мемлекет арасында, сондай-ақ олардың аумақтары арқылы транзитпен автомобиль көлiгiмен жолаушы және жүк тасымалдарын реттеудi жеңiлдету мақсатында және өзара мүдделердi назарға ала отырып, төмендегi туралы келiстi: Осы Келісімге сәйкес Тараптар мемлекеттерiнің автокөлiк құралдары жолаушылар мен жүктердi Тараптар мемлекеттерiнiң аумағына немесе аумағынан, сондай-ақ олар Тараптар мемлекеттерiнің бiрiнiң аумағында тiркелу шартымен, олардың аумақтары арқылы транзитпен тасымалдай алады. ҚОЛДАНУ САЛАСЫ 2-бап Тараптар мемлекеттерiнің азаматтардың Тараптар мемлекеттерiнің аумақтарына кiруiн және шығуын, болуын реттейтiн заңнамасына сәйкес осы Келісім, Тараптар мемлекеттерiнің аумақтары арасындағы, сондай-ақ олардың аумақтары арқылы транзитпен өту кезiнде, автобус жүргізушiсiн қоса алғанда, тоғыздан артық адам тасымалдауға арналған автокөлiк құралдары пайдаланылатын барлық халықаралық жолаушылар тасымалдарына қолданылады. 1.2. МЕМЛЕКЕТТЕР АРАСЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ТАСЫМАЛДАР 3-бап 1. Осы Келісімнің мақсаты үшiн "тұрақты тасымал" мағынасында, алдын ала белгiленген және жарияланған қозғалыс кестелерi мен тасымалдау тарифтерiне сәйкес, белгiлi бiр бағыт бойынша автобуспен жолаушылар тасымалы түсінiлуi тиiс. 2. Осындай тасымалдар барысында жолаушылар алдын ала белгіленген аялдамаларда және басқа да ескерiлген пункттерде отырғызылуы және түсiрiлуi мүмкiн. 3. Осындай тасымалдарды қамтамасыз ету үшiн, тiлек бiлдiрген кез келген жолаушы, жөнелту пункттерiнде және жүретiн жол бойындағы аялдамаларда, осы Келісімнің ережелерiне және Тараптар мемлекеттерiнiң тұрақты жолаушы тасымалын реттейтiн заңнамасына сәйкес автокөлiк құралының бортына, онда бос орын болған кезде алынуы тиiс. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|