Қазақстан Республикасының қаржы рыногын мемлекеттік Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 22-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының қаржы рыногын мемлекеттік реттеудің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру мақсатында, онда қалыптасып отырған қатынастарды қадағалау тиімділігін арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін оңтайландыру үшін қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі функциялары мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетін таратсын және оның мүлкін бір айлық мерзімде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беруді қамтамасыз етсін; 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|