|
|
|
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару Бұрынғы редакцияларды қара Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Астана қаласы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылсын. 2. "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы бойынша басқармасы" және "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемелері "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі болып қайта ұйымдастырылсын. 3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі құрылатын мемлекеттік мекемелердің штат санын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің аумақтық органдары қызметкерлерінің штат саны лимиті шегінде белгілесін. 4. Құрылатын мекемелерді қаржыландыру Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің аумақтық органдарын ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін. 5. Астана қаласының әкімі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Астана қаласы бойынша басқармасын орналастыруға арналған үй-жай бөлуге жәрдем көрсетсін. 6. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын. 7. ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен күшін жойды (бұр. ред. қара) 8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |