|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 17 шілдедегі № 602 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. "Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 8, 85-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "9) қоғамның директорлар кеңесi төрағасының (уәкiлеттi органның - РМК үшiн) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекiткен нысандар бойынша ұйымның қаржы-шаруашылық қызметi туралы ұйым, оның еншiлес және/немесе тәуелдi акционерлік қоғамдары бөлiгiнде - жеке, сондай-ақ өспелi қорытындысымен - бiрiктiрiлген ақпаратты мынадай мерзiмдерде ұсынуын: 1-тоқсанның, жарты жылдықтың және 9 айдың қорытындылары бойынша есептi кезеңнен кейiнгi екiншi айдың 1-күнiнен кешiктiрмей; жылдықты - есептi кезеңнен кейiнгi төртiншi айдың 1-күнiнен кешiктiрмей;"; мынадай мазмұндағы 10), 11) тармақшалармен толықтырылсын: "10) ұйымның бiрiншi басшысының қоғамның директорлар кеңесi (уәкiлеттi орган алдында - РМК үшiн) алдында еншiлес және/немесе тәуелдi акционерлік қоғамдарды, сондай-ақ оған жарғылық капиталға мемлекеттің салымы ретiнде берiлген активтердi басқару туралы, ұйымның өз қызметiнiң көрсеткiштерiне еншiлес және/немесе тәуелдi акционерлік қоғамдардың қаржы-шаруашылық қызметi нәтижелерiнiң ықпалы туралы жарты жылдық есептер берудi жүзеге асыруын; 11) ұйымның бiрiншi басшысының қоғамның директорлар кеңесi (уәкiлеттi орган алдында - РМК үшiн) алдында ұйымның жыл сайынғы және орта мерзiмдiк даму жоспарларының iске асырылуы туралы жыл сайын есеп берудi жүзеге асыруын қамтамасыз ететiн көрсетiлген ұйымдардың жарғыларына өзгерістер мен/немесе толықтырулардың 2001 жылғы 31 наурызға дейiн енгiзiлуiн қамтамасыз етсiн."; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi 1-тармақтың 9) тармақшасында көрсетiлген ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне берудi: 1-тоқсанның, жарты жылдықтың және 9 айдың қорытындылары бойынша есептi кезеңнен кейiнгi екiншi айдың 10-күнiнен кешiктiрмей; жылдықты - есептi кезеңнен кейiнгi төртiншi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей қамтамасыз етсiн."; мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: "3-1. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі уәкiлеттi органдармен бiрлесiп, осы қаулыға 1-қосымшада көрсетiлген ұйымдардың даму жоспарлары мен бизнес жоспарларының құрылымына және мазмұнына бiрыңғай талаптарды әзiрлесiн әрi заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтсiн.". 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |