|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 сәуірдегі № 306 қаулысына Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясы арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 сәуірдегі № 306 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 11, 84-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 1, 5 және 6-тармақтарда "Ақпарат" деген сөздің алдынан "Мәдениет," деген сөзбен толықтырылсын; 2) 2-тармақта: "1993 жылғы 22 қаңтардағы" деген сөздер "1997 жылғы 5 қыркүйектегі" деген сөздермен ауыстырылсын; "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келісім министрі А.С.Сәрсенбаев" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім бірінші вице-министрі Олег Григорьевич Рябченко" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 3-тармақта "Хабар" агенттігі" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Бас директоры Д.Н.Назарбаева" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі Ардақ Дүкенбайұлы Досжан" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |