|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі № 599 ҚР Үкіметінің 24.11.04 ж. № 1232 қаулысымен күші жойылды "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Азаматтық авиация комитетi мен Көлiктiк бақылау комитетiнің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі № 599 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 20, 221-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Азаматтық авиация комитеті туралы ережеде: 1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының авиациялық өкiлеттi органының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық және эксперименталдық авиация қызметі саласындағы функцияларын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік саясатын iске асыруды, азаматтық және эксперименталдық авиация қызметiн мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, үйлестiру мен реттеудi және әуе кеңiстiгiн пайдалануды" деген сөздермен ауыстырылсын; 14) тармақшадағы "азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiн" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiнің мемлекеттік тiзiлiмiн" деген сөздермен ауыстырылсын; 15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "15) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес азаматтық авиация саласындағы қызметтi лицензиялау;"; мынадай мазмұндағы 18-1), 18-2), 18-3), 18-4), 18-5), 18-6), 18-7), 18-8), 18-9), 18-10), 18-11), 18-12), 18-13), 18-14), 18-15), 18-16), 18-17), 18-18), 18-19), 18-20), 18-21), 18-22) және 18-23) тармақшалармен толықтырылсын: "18-1) азаматтық әуе кемелерiнің ұшуға жарамдылығын қолдауды бақылау; 18-2) ұшу қауіпсіздігі ережесін, авиациялық қауiпсiздiк ережесін және азаматтық авиация саласындағы өзге де нормативтік құжаттарды сақтауды бақылау; 18-3) халықаралық әуе тасымалдарын жүзеге асыруды бақылау; 18-4) халықаралық ынтымақтастықты, оның ішінде халықаралық азаматтық авиация ұйымдарында Қазақстан Республикасының өкiлеттігiн жүзеге асыру; 18-5) жолаушыларды, теңдеме жүктi, жүктердi және почтаны тасымалдау ережесін бекіту; 18-6) тұрақты ұшулар кестесiн бекіту; 18-7) iшкi авиабағыттарды бекіту; 18-8) тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсаттар беру, сондай-ақ тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсаттар беру ережелерін және беруден бас тарту үшiн негiздердi анықтау; 18-9) Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісiм бойынша уақытша басқаруды енгізу және уақытша әкiмшiлiк құру; 18-10) азаматтық әуе кемелерiнің техникалық пайдаланылуын бақылау ережесін бекіту; 18-11) авиабағытты пайдалану шарттарын анықтау; 18-12) авиабағыттарға арналған куәлiктер беру; 18-13) азаматтық әуе кемелерiнің ұшуға жарамдылық нормаларын белгiлеу; 18-14) авиациялық техниканы, әуеайлақтарды, әуежайларды меншiкке сатып алуға, мүлiктiк жалдауға, лизингке, сенiмгерлiк басқаруға, сондай-ақ өзге де пайдалану құқығына рұқсат беру; 18-15) аса жеңiл авиация әуеайлақтарының жарамдылығын анықтау тәртiбін бекіту және аса жеңiл авиацияның авиация қызметкерлерiне аттестация жүргiзу; 18-16) бас әуе тасымалдаушысын анықтау ережесін әзiрлеу; 18-17) ұшу қауiпсiздiгi және авиациялық қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтарды есепке алуды жүргiзу; 18-18) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi өз құзыретi шегінде қарау; 18-19) азаматтық авиация саласында ғылыми зерттеулер ұйымдастыру; 18-20) авиация қызметкерлерiн қайта даярлау бағдарламаларын бекіту; 18-21) авиациялық қауіпсіздік қызметiнің басшысы мен мамандары лауазымдарына қойылатын біліктiлiк талаптарын бекіту; 18-22) Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименталдық авиациясының аттестаттауға жататын авиация қызметкерлерi лауазымдарының (кәсiптерiнің) тiзбесiн бекіту және аттестация жүргiзу; 18-23) киiм нысанының үлгілерiн (погонсыз) және айырым белгiлерiн, нысандық киiмді кию тәртібін, олармен қамтамасыз ету нормаларын және оны киюге құқығы бар азаматтық авиация қызметкерлерi лауазымдарының (кәсiптерiнің) тiзбесiн бекіту;"; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "5) азаматтық авиация ұйымдарының лауазымды адамдарынан және пайдаланушылардан қажеттi ақпарат, құжаттар, оның iшiнде қаржылық құжаттар сұрауға, сондай-ақ өз функцияларын орындау үшiн қажет түсiнiктемелер мен материалдарды талап етуге;"; мынадай мазмұндағы 10-1), 10-2), 10-3) және 10-4) тармақшалармен толықтырылсын: "10-1) азаматтық авиация ұйымдарының лауазымды адамдарына және пайдаланушыларға авиациялық қауiпсiздiк пен ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде орындау мерзiмiн белгiлей отырып, нұсқаулар және инспекторлық ұйғарымдар беруге; 10-2) борттық құжаттардың болуын, сондай-ақ шетелдiктi қоса алғанда, азаматтық әуе кемелерiнiң ұшуға жарамдылық талаптарына сәйкестiгін тексеруге; 10-3) авиация қызметкерлерiнiң куәлiктерiн, кеме, ұшу, әуеайлақ құжаттамасын және өзге де құжаттаманы тексеруге; 10-4) авиабағыттарды субсидиялау жөнiнде ұсыныстар енгізуге;". 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |