|
|
|
Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық және мелиоративтiк техниканың "Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 07.10.02 ж. № 1096; 11.10.02 ж. № 1116 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді 1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн: 1) "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 16 қарашадағы № 1731 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 51, 498-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде: 9) тармақшада: "тракторлар мен өзге де ауыл шаруашылығы машиналарының" деген сөздер "тракторлардың, өзi жүретiн ауыл шаруашылық және мелиоративтiк машиналардың" деген сөздермен ауыстырылсын және "жүргiзедi" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ оларды жүргiзу тәртібін белгiлейдi" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын: "9-1) доңғалақты тракторларды, соған қоса олардың базасында жасалған өзi жүретiн шассилер мен механизмдердi, доңғалақты тракторлар құрамында жүруге арналған тiркемелердi мемлекеттік тiркеудi және олардың техникалық жай-күйiн тексерудi жүргiзедi, сондай-ақ оларды жүргiзу тәртібін белгiлейдi;"; 2) "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Жол полициясы комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 8 маусымдағы № 777 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 21, 262-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің Жол полициясы комитетi туралы ережеде: 11-тармақта: 8) тармақшадағы ", оларға жол қозғалысына қатысуға рұқсат етудi, оларды пайдалану кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды" деген сөздер алынып тасталсын; 9) тармақшадағы "автомотокөлiктi" деген сөз "жеңiл, жүк таситын автомобильдер мен автобустарды, соған қоса олардың базасында жасалған арнаулы автомобильдердi, мотоциклдер мен мотороллерлердi, сондай-ақ автомобильдер құрамында жүруге арналған тiркемелердi" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мыналарды әзiрлесiн және бекiтсiн: 1) Доңғалақты тракторларды, соған қоса олардың базасында жасалған өзi жүретiн шассилер мен механизмдердi, сондай-ақ доңғалақты тракторлар құрамында жүруге арналған тiркемелердi мемлекеттік тiркеу және олардың техникалық жай-күйiне тексеру жүргiзу ережесi; 2) Тракторлардың, өзi жүретiн ауыл шаруашылық және мелиоративтiк машиналардың есебiн алу әрi техникалық жай-күйiне тексеру жүргiзу ережесi. 3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |