|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылға 18 сәуiрдегі № 596 қаулысына
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. "Білім беру қызметiн лицензиялаудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 18 сәуірдегі № 596 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 20, 219-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Білім беру қызметiн лицензиялаудың ережесінде: 23-тармақта: 1), 2), 3) тармақшалар мынадай мазмұндағы жетiншi және сегiзiншi абзацтармен толықтырылсын: "білім алушылар контингентiн және оқу құнын негiзге ала отырып анықталатын, бірақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша анықталатын мөлшерден кем емес, білім алу үшiн жағдайларды қамтамасыз ететiн меншiктi, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында тиесiлi материалдық-қаржылық активтерiнiң болуы; студенттiң бір жылғы оқуына жоспарлы ең аз шығыстар Қазақстан Республикасы Үкіметінiң тиiстi оқу жылына кәсiптiк жоғары білімдi мамандар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты бекіту жөніндегі қаулысымен көзделген шығыстар деңгейiне сәйкес болуы тиiс;"; 1) тармақшаның сегiзiншi абзацында "өз меншiгіндегі немесе 1 оқу жылынан кем емес мерзiмге жалға алған" деген сөздер "меншiктi, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында тиесiлi" деген сөздермен ауыстырылсын; 24-тармақта: 1) тармақшаның үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "даярланатын тиicті ғылыми мамандықтар бойынша мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, тәжірибелік және материалдық-техникалық базаның болуы"; 2) тармақшаның үшiншi абзацы "ғылыми-тәжiрибелiк" деген сөздерден кейiн ", ғылыми-зерттеу және материалдық-техникалық" деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |