|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 15 қарашадағы № 1713 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 24 желтоқсандағы № 1307 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасының "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шiлдедегi және "Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 15 қарашадағы № 1713 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 50, 494-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөніндегі агенттiгi туралы ережеде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөніндегі агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құрамына кiрмейтiн, табиғи монополия субъектiлерiнiң және белгiлi бiр тауар рыногында үстем жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң қызметiн реттеу, баға белгiлеу, бәсекелестiктi, бизнестi (кәсiпкерлiктi), тұрғын үй-коммуналдық қатынастарды дамыту, тарифтiк саясат саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыру саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруға уәкiлеттi орталық атқарушы орган болып табылады."; 9-тармақтың 7), 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: "7) бәсекелестікті дамытуға, (шағын) кәсiпкерлiктi қолдауға, тұрғын үй-коммуналдық қатынастарды реттеуге, тарифтiк саясат және табиғи монополия субъектiлерi мен белгiлi бiр тауар рыногында үстем жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң қызметтер көрсетуiне (тауарларына, жұмыстарына) баға белгiлеу саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүйеге асыруға бағытталған орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың iс-қимылын үйлестіру; 9) тұрғын үй-коммуналдық қатынастарды реттеу әрi тарифтiк саясат және табиғи монополия субъектiлерi мен белгiлi бiр тауар рыногында үстем жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң қызметтер көрсетуiне (тауарларына, жұмыстарына) баға белгiлеу саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік саясатты әзiрлеу мен iске асыру". 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |