Жоба "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына Заңның жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнiң қарауына ҚР Үкіметінің 2002 ж. 15 тамыздағы № 898 қаулысына сәйкес енгізілді 1-бап. "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) 1-баптың 2-тармағы 3-1) тармақшасы алып тасталсын; 2) 4-баптың 1-тармақшасы "Нотариаттық iс жүргiзу" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органымен келiсу арқылы" деген сөздермен толықтырылсын; 3) 6-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Жоғары заңгерлiк білімi және заң мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс стажы бар, Әдiлет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан, нотариуста тағлымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған Қазақстан Республикасының азаматы ғана нотариус бола алады."; 3-тармақта "және 3-1)" деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: "4. Өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар, белгiленген тәртiппен әрекет етуге қабiлетсiз не әрекет етуге қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылған адам нотариус бола алмайды. Сондай-ақ өзiне қатысты ақтамайтын негіздер бойынша қылмыстық iс тоқтатылған адам, сондай-ақ лицензиясы керi қайтарылып алғандықтан не нотариаттық iс-әрекеттер жасау кезiнде тәртiп бұзғаны үшiн мемлекеттік нотариус қызметiнiң босатылғандықтан нотариаттық қызметтi тоқтатқан адам үш жыл iшiнде нотариус бола алмайды."; 4) 7-баптың 5-тармағы "заң білімi бар" деген сөздерден кейiн "және Әдiлет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен" деген сөздермен толықтырылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|