Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 9) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Yкіметi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-бабы 2-тармағына және 23-бабы 1-тармағына сәйкес қаулы етемін: 1. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі оның өнеркәсiптi, құрылысты және сауданы, стандарттау, метрология және сертификаттауды басқару саласындағы функциялары мен өкілеттiктерi Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне берiле отырып, ол Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне және Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінe бөлу арқылы; 2) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі оның су ресурстарын, орман, балық және аң шаруашылығын басқару саласындағы функциялары мен өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне берiле отырып, Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне өзгерту арқылы; 3) Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі оның өнеркәсiптi басқару жөніндегі функциялары мен өкілеттiктерi - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне (отын-энергетика өнеркәсiбi және жер қойнауын пайдалану саласындағы функциялары мен өкілеттiктерін қоспағанда); аэроғарыш қызметi саласындағы өкілеттiктерi мен функциялары - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігіне беріле отырып; 4) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі оның бюджеттi жоспарлау саласындағы функциялары мен өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне берiле отырып, оны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінe бөлу арқылы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|