|
|
|
"Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі сот Сот практикасында мәселелердің туындауына және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 9 шілдедегі № 8 қаулысын қолданыстағы қылмыстық заңнамаға сәйкес келтірудің қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді: "Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі сот тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 9 шілдедегі қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. Тақырыптағы "Жоғарғы Соты Пленумының қаулысы" деген сөздер "Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Кіріспедегі "Пленумы" деген сөз "жалпы отырысы" деген сөздермен ауыстырылсын. 3. 7-тармақта: екінші сөйлем мына редакцияда жазылсын: "Есі кіресілі-шығасылы адамға қатысты іс аудандық немесе оған теңестірілген соттың қарауына, ал қылмыстық жауапкершілікке тартылған басқа адамдарға қатысты - облыстық немесе оған теңестірілген соттың (не керісінше) қарауына жататын жағдайларда міндетті түрде бөлек өндіріске шығарылады". 4. 16-тармақта: "облыстық немесе оған теңестірілген сотқа" деген сөздер "тиісті сотқа" деген сөздермен ауыстырылсын. 5. 17-тармақта: бірінші сөйлемде "заңмен тыйым салынған әрекетті жасағаны фактісін растайтын немесе теріске шығаратын мән-жайларды қосымша анықтау үшін," деген сөздерден кейін "әрекетке дұрыс заңдық баға беру үшін," деген сөздермен толықтырылсын; екінші сөйлемде "облыстық немесе оған теңестірілген сотқа" деген сөздер "тиісті сотқа" деген сөздермен ауыстырылсын. 6. 19-тармақ мына редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |