Жоба 2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы Заңның жобасы ҚР Үкіметінің 2002 ж. 13 қыркүйектегі № 1003 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнiң қарауына енгiзiлді 1-бап. 2003 жылға арналған республикалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсiн: 1) түсiмдер - 621555690 мың теңге, оның iшiнде мыналар бойынша: кiрiстер - 552836287 мың теңге; алынған ресми трансферттер - 57629991 мың теңге; кредиттердi қайтару - 11089412 мың теңге; 2) шығыстар - 704395690 мың теңге, оның iшiнде мыналар бойынша: шығындар - 668573927 мың теңге; кредиттер - 35821763 мың теңге; 3) тапшылық - 82840000 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмiнiң болжамды көлемiнiң 2 процентi; Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджеттiң тапшылығын Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес қаржыландыруды қамтамасыз етсiн. 2-бап. Ресей Федерациясының әскери полигондарды пайдаланғаны үшiн төлейтiн жалдау ақысы республикалық бюджеттiң кiрiстерiнде 4427500 мың теңге сомасында көрсетiледi, оның: 515200 мың теңгесi ақшалай нысанда келiп түседi; 3912300 мың теңгесi Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Сынақ полигондарын жалға беру туралы шарттарда айтылған ережелерде жүзеге асырылады және 045 "Әскери полигондарды жалға беру туралы мемлекетаралық шарттарды iске асыру" республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша шығыстарды көрсете отырып, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі пайдаланады. 3-бап. 2003 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенiн пайдаланғаны үшiн түсiмдер: жалдау ақысы 18267750 мың теңге сомасында; 1999 жыл үшiн жалдау ақысы бойынша берешек 10263500 мың теңге сомасында көзделсiн. 4-бап. 2003 жылы "Өнiмдердi бөлу туралы" келісім-шарттар бойынша алынатын Қазақстан Республикасының өнiмдердi бөлу жөніндегі үлесi 100 процент мөлшерiнде республикалық бюджетке есептеледi деп белгіленсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|