|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 137
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің 258-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін, Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын акцизделетін тауарларға және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 137 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 4, 56-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: мына: "2203 00** Сыра физ көлемі 6 теңге/ 0,2 евро/ 1 литр 1 литр 2402** Фильтрлі физ көлемі 145 теңге/ 2 евро/ темекі 1000 дана 1000 дана бұйымдары Фильтрсіз физ көлемі 95 теңге/ 2 евро/ темекі 1000 дана 1000 дана бұйымдары, құрамында темекі бар басқа да бұйымдар " деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: "2203 00** Сыра физ көлемі 7 теңге/ 0,2 евро/ 1 литр 1 литр 2402** Фильтрлі физ көлемі 180 теңге/ 2 евро/ темекі 1000 дана 1000 дана бұйымдары Фильтрсіз физ. көлемі 100 теңге/ 2 евро/ темекі 1000 дана 1000 дана бұйымдары, құрамында темекі бар басқа да бұйымдар ". 2. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |