|
|
|
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі Бұрынғы редакцияларды қара Сотталғандарды ұстау жағдайларын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мынадай мемлекеттік мекемелер (бұдан әрi - мекемелер) құрылсын: 1) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң ЖД-158/7 түзеу мекемесi; 2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң 3K-169/5 түзеу мекемесi. 2. Мекемелердi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте сотталғандарды ұстауға Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiне көзделген қаражат шегiнде 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап жүргiзiледi деп белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi заңнамада белгiленген тәртіппен: 1) мекемелердің жарғыларын бекiтсiн және олардың әдiлет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсiн; 2) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шараларды қабылдасын. 4. ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 5. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |