|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы № 1194 және
ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 15 қаулысымен күші жойылды
"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 27 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) "Республикалық бюджеттен репатрианттар (оралмандар) үшін бөлінетін қаражатты мақсатты пайдалану туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы № 1194 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 41, 366-құжат): тақырыптағы және 1-тармақтағы "репатрианттар (оралмандар)" деген сөздер "оралмандар" деген сөзбен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен репатрианттар (оралмандар) үшін бөлінетін қаражатты мақсатты пайдалану туралы ережеде: тақырып пен мәтіндегі "репатрианттар (оралмандар)", "репатрианттарды (оралмандарды)", "репатрианттарға (оралмандарға)", "репатрианттардың (оралмандардың)", "репатрианттың (оралманның)", "репатриант (оралман)", "репатриантқа (оралманға)" деген сөздер тиісінше "оралмандар", "оралмандарды", "оралмандарға" "оралмандардың", "оралманның", "оралман" "оралманға" деген сөздермен ауыстырылсын; 13-тармақтағы "шетелдік төлқұжатқа тапсырма" деген сөздер "Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, төлқұжаты" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) "Репатрианттардың (оралмандардың) отбасылары үшін тұрғын үй сатып алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 4 мамырдағы № 605 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 16, 216-құжат): тақырыптағы және 1-тармақтағы "Репатрианттардың (оралмандардың)" деген сөздер "Оралмандардың" деген сөзбен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Репатрианттардың (оралмандардың) отбасылары үшін тұрғын үй сатып алу ережесінде: тақырып пен мәтіндегі "Репатрианттардың (оралмандардың)", "репатрианттар (оралмандар)", "репатрианттарға (оралмандарға)", "репатриант (оралман)", "репатрианттың (оралманның)", "репатрианттарды (оралмандарды)" деген сөздер тиісінше "Оралмандардың", "оралмандар", "оралмандарға", "оралман", "оралманның", "оралмандарды" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген көшіп келу квотасына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген оралмандардың көшіп келу квотасына" деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақтағы "немесе репатрианттар (оралмандар)" деген сөздер алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |