|
|
|
Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетiнiң "Қазақстан Республикасының академиялық классикалық би ансамблi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта аталсын. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсім министрлігінiң Мәдениет комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Кәсiпорынды әдiлет органдарында қайта тiркеудi қамтамасыз етсiн. ҚР Үкіметінің 24.11.03 ж. № 1172 қаулысымен 3-тармақтың күші жойылды 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде: "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң Мәдениет комитетi" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 512-14-жол мынадай редакцияда жазылсын: "512-14. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы"; 2) "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 500 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 16, 164-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң Мәдениет комитетiне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың тiзбесiнде: "Концерттiк ұйымдар" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 15-жол мынадай редакцияда жазылсын: "15. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театры". 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |