Жоба "Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" Заңның жобасы Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжілісiнiң қарауына ҚР Үкіметінің 2003 ж. 12 ақпандағы № 152 қаулысына сәйкес енгізілді "Мемлекеттік және мемлекет кепiлдік берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 21, 784-құжат; 2001 ж., № 21-22, 282-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн: Заңның мәтiніндегі "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі", "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен", "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде", "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне", "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң" деген сөздер "бюджеттi атқару жөніндегі уәкілетті орган", "бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органмен", "бюджеттi атқару жөнiндегі уәкiлеттi органда", "бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органға", "бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын; 1-бапта: 4) тармақшадағы ", жергiлiктi атқарушы органдарының" деген сөздер алынып тасталсын; 18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "18) банктің кепiлдiгi - заем алушы заем туралы шарт (келісім) бойынша одан тиесiлi соманы белгіленген мерзiмде төлемеген жағдайда банктiң бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органның алдындағы мемлекеттік емес заем бойынша берешектi өтеу жөніндегі мiндеттемесi;"; 21) тармақша алынып тасталсын; 4-бапта: 2-тармақтың 3) тармақшасындағы "оларға қызмет көрсету және өтеу," деген сөздерден дейiн "мемлекеттік кепiлдіктер беру үшiн инвестициялық жобаларды iрiктеу," деген сөздермен толықтырылсын; 4-тармақтың 1) және 8) тармақшалары алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: "4-1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган: 1) мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу саясатын әзiрлейдi; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|