|
|
|
Қазақстан Республикасы ?кіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1754 ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 51, 504-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Білiм және ғылым министрлігі туралы ережеде: 1) 6-тармақтағы "Кенесары көшесi, 83" деген сөздер "Республика даңғылы, 60" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2), 5-3), 11-1), 11-2) тармақшалармен толықтырылсын: "5-1) жоғары кәсiптiк және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білiм беру бағдарламаларын iске асыратын білiм беру ұйымдарын мемлекеттік аккредиттеудi ұйымдастырады және жүргізеді; 5-2) ғылыми ұйымдарды аттестаттауды және мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредиттеудi жүргiзедi; 5-3) мiндеттi мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізуді ұйымдастырады; 11-1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлердi қоса алғанда, мемлекеттік мерзiмдi ғылыми-техникалық басылымдардың және басқа да баспа өнiмдерiнiң орындылығын анықтайды; 11-2) мемлекеттік бюджет есебiнен жүргiзiлетiн ғылыми-зерттеу жұмыстарының, iргелi және қолданбалы зерттеулердiң аяқталған тақырыптары мен бағдарламаларының, қорғалған диссертациялардың мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етедi;"; 5) тармақшадағы ", олардың жарғыларын бекiтуге" деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын: "5-1) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердiң жарғыларын бекітуге;"; 6) тармақшадағы "республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен" деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 9-2), 9-3) тармақшалармен толықтырылсын: "9-2) ведомстволық статистикалық байқауларды жүргiзуге; 9-3) ведомстволық статистикалық байқаулардың бағдарламаларын әзiрлеуге;". 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |