|
|
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің биоресурстарды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң "Балқаш биоресурстарды қорғау жөніндегi аймақтық мекемесi" мемлекеттік мекемесi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Балқаш-Алакөл балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі бассейндiк басқармасы" және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Зайсан-Ертіс балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі бассейндiк басқармасы" мемлекеттік мекемелерiне бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң "Солтүстiк Каспий биоресурстарды қорғау жөніндегі аймақтық мекемесi" мемлекеттік мекемесi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінің "Орал-Каспий облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегi бассейндiк басқармасы" мемлекеттік мекемесi болып қайта аталсын. ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен 3-тармақ күші жойылды 3. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзілсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген, Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерінде: "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген 2-бөлімде: 1) мына: "Балқаш биоресурстарды қорғау жөніндегі аймақтық мекемесi 175" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Балқаш-Алакөл балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі бассейндiк басқармасы 98 Зайсан-Ертіс балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі бассейндiк басқармасы 77"; 2) "Солтүстiк Каспий биоресурстарды қорғау жөніндегі аймақтық мекемесі" деген сөздер "Орал-Каспий облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі бассейндiк басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын. 4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөніндегі қажеттi шараларды қабылдасын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |