1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсiздік туралы шартқа қатысушы 2003 ж. 1 шілдедегі № 448-11 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Хаттама бекітілді Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шартқа (бұдан әрi - Шарт) қатысушы мемлекеттер, Шарттың, Ұжымдық қауiпсiздiк тұжырымдамасының ережелерiн, Шартқа қатысушы мемлекеттердiң коалициялық стратегиясының негiзгi ережелерiн және оны дамытуға қабылданған басқа да құжаттарды басшылыққа ала отырып, Шартқа қатысушы мемлекеттердiң ұжымдық қауiпсiздiк жүйесiнiң (бұдан әрi - ұжымдық қауiпсiздiк жүйесi) күштерi мен құралдарын қалыптастыру жөніндегі әрі қарайғы iс-жүзіндегі шараларды қабылдау қажеттiлiгiне сүйене отырып, ұжымдық қауiпсiздiк жүйесін қалыптастырудың аймақтық қағидатын және әскери қауiпсiздiк саласында жасалған екi жақты келiсімдердi ескере отырып, халықаралық құқықтың көпшiлiк қабылдаған қағидаттарын сақтай отырып және сенiм мен қауiпсiздiктi нығайту шаралары жөнiндегі өздерiнiң халықаралық мiндеттемелерiн растай отырып, төмендегiлер туралы келiстi: Шартқа қатысушы мемлекеттердiң ұжымдық қауiпсiздiк жүйесi күштерi мен құралдарының құрамында мынадай коалициялық (аймақтық) әскер (күштер) топтары мен оларды басқару органдары қалыптасады: - ұжымдық қауiпсiздiктiң Шығыс еуропалық аймағының әскер топтары (Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясы Одақтас мемлекеттерiнiң шеңберiнде қалыптасады); - ұжымдық қауiпсiздiктiң Кавказ аймағының әскер топтары (Армения мен Ресей арасындағы екi жақты келісімдердiң негiзiнде қалыптасады); - ұжымдық қауiпсiздiктiң Орталық Азия аймағының әскер топтары (Шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы екi жақты және аймақтық келісімдер негiзiнде қалыптасады); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|