|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен күші жойылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн: 1-тармақтың төртiншi абзацында: «және» деген шылау алынып тасталсын; «қадағалау» деген сөзден кейiн «және мемэнергияқадағалау» деген сөздермен толықтырылсын; көрсетiлген қаулыға 4-қосымшада: тақырыбы «органдарының» деген сөзден кейiн,», сондай-ақ мемэнергияқадағалау органының» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы IV бөлiммен толықтырылсын: «IV. Мемэнергияқадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер көрсету түрлерiнің тiзбесi 1. Электр энергиясын өндiру, беру және тарату. 2. Жылу энергиясын өндiру, беру және тарату. 3. Электр станцияларын, электр желiлерi мен кiшi станцияларды пайдалану. 4. Энергетикалық жабдықты жөндеу. 5. Электр станцияларын, электр желілерi мен кiшi станцияларды жобалау.». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |