|
|
|
Адвокаттық қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен 1-бап. Адвокаттық қызмет туралы 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 22, 328-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 5-бапта: 1-тармақ: «келісімде» деген сөздің алдынан «жазбаша» деген сөзбен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Келісім жасасу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.«; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеудің және осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшері мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Адвокат жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған, міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы.»; 2-тармақтағы "сондай-ақ босатылған күнінен бастап бір жыл - бойы тәртіптік жағымсыз әрекет жасағаны үшін құқық қорғау органынан босатылған адам" деген сөздер "тәртіптік жағымсыз әрекет жасағаны үшін құқық қорғау органдарынан босатылған адам - босатылған күнінен бастап бір жыл бойы, сондай-ақ лицензиясының қолданылуы осы Заңда белгіленген тәртіппен тоқтатылған адам" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "3. Жоғары заң білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары ғана адвокаттың тағылымдамадан өтушілері бола алады. Тағылымдамадан өтушілер адвокаттар алқасы төралқасы қаулысының негізінде кемінде бес жыл адвокаттық қызмет стажы бар адвокаттарда үш айдан бір жылға дейінгі мерзімге тағылымдамадан өтеді. Тағылымдамадан өту адвокаттар алқасы мен тағылымдамадан өтуші арасында жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады. Тағылымдамадан өтуші ретіндегі жұмыс кезеңі заң мамандығы бойынша жұмыс стажына есептеледі."; 4) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын: "9-бап. Адвокаттың лицензиясы 1. Әділет аттестаттау комиссиясының шешімі негізінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі берген адвокат лицензиясы лицензияда көрсетілген адамның адвокаттық қызметпен айналысуына рұқсат беру болып табылады. 2. Лицензия адвокаттар алқасында үш айдан бір жылға дейінгі мерзімде тағылымдамадан өткен адамдарға олар аттестаттаудан өткен жағдайда беріледі. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өту ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін Адвокаттар лицензияларының мемлекеттік тізілімі туралы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі осы тізілімді жүргізеді және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына тарайтын мерзімді баспа басылымдарында адвокаттар лицензияларын беру, лицензияларының қолданылуын тоқтата тұру, лицензияларын кері қайтарып алу және қолданылуын тоқтату туралы мәліметтерді жариялайды. 3. Аттестаттаудан өтпестен адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алуға: 1) Қазақстан Республикасы Әділет біліктілік алқасына біліктілік емтиханын тапсырған адамдардың; 2) тұрақты судьялардың және өз міндеттерін орындау кезінде атына кір келтіретін теріс қылықтары және заңды бұзғаны үшін судья қызметінен босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдардың құқығы бар. Прокуратура, тергеу және анықтау органдарында кемінде он жыл жұмыс істеген прокурорлар, тергеушілер мен анықтаушылар, жағымсыз себептер бойынша босатылғандарды қоспағанда, адвокаттар алқасында тағылымдамадан өткеннен кейін емтихан тапсырудан босатылады. 4. Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі қабылдайды. 5. Лицензия негізгі, тұрақты болып табылады және оның күші Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады."; 5) 11-бап мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын: "Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрі қабылдайды, ол бұйрық түрінде ресімделеді. Лицензиясының күші тоқтатылған адам, тиісті сот, құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасы қабылданған шешім туралы хабардар етіледі."; 6) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын: "12-бап. Лицензияны кері қайтарып алу және оның қолданылуын тоқтату 1. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заң актілерінде көзделген жалпы негіздерден басқа, адвокаттың лицензиясын кері қайтарып алу Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің талап-арызы бойынша: 1) адвокат өз кәсіби міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары мен нормаларын, адвокатураны ұйымдастыру және оның қызметі принциптерін өрескел не бірнеше рет бұзған; 2) адвокаттың қасақана қылмыс жасағаны үшін ақтамайтын негіздемелер бойынша оған қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған; 3) адвокат қасақана қылмыс жасағаны үшін сотталған; 4) адвокатқа медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген; 5) адвокат әрекет қабілеті жоқ немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған; 6) адвокат хабар-ошарсыз кетті деп танылған немесе ол қайтыс болды деп жарияланған; 7) адвокат Қазақстан Республикасының азаматтығынан айрылған; 8) біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан адвокаттың өз кәсіби міндеттерін орындауы мүмкін болмаған жағдайларда сот тәртібімен жүзеге асырылады. 2. Аумақтық әділет органының ұсынымы осы баптың 1-тармағының 1) 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда адвокаттың лицензиясын кері қайтарып алу туралы талап-арыз дайындау үшін негіз болып табылады. Тиісті адвокаттар алқасы төралқасының өтініші осы баптың 1-тармағының 1), 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда адвокаттың лицензиясын кері қайтарып алу туралы талап-арыз дайындау үшін негіз болып табылады. Лицензияны кері қайтарып алу лицензияның қолданылуын тоқтатуға әкеп соғады. Қазақстан Республикасының Әділет министрі тиісті сот шешімінің негізінде лицензияның қолданылуын тоқтату туралы бұйрық шығарады. Лицензиясының қолданылуы тоқтатылған адам, тиісті сот, құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасы қабылданған шешім туралы хабардар етіледі. Лицензияның қолданылуын тоқтату туралы шешімге сотқа шағым жасалуы мүмкін."; 7) 13-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "1. Адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттігі ордермен куәландырылады. Ордердің нысанын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітеді. Ордерлердің берілуін бақылау мен есепке алуды адвокаттар алқасының төралқасы жүзеге асырады. Өзінің қызметін Қазақстан Республикасы бекіткен тиісті халықаралық шарт негізінде жүзеге асыратын шетелдік адвокаттың өкілеттігі жеке басын, адвокат мәртебесін және заң көмегін көрсету өкілеттігін белгілейтін құжатпен расталады."; 8) 14-баптың 2-тармағы "келісім" деген сөздің алдынан "жазбаша" деген сөзбен толықтырылсын; 6-тармақтағы "жолығуға рұқсат беруден бас тартуға" деген сөздер "жолығудың құпиялылығын қамтамасыз ететін жағдайларда осылайша жолығуына рұқсат беруден бас тартуға, сондай-ақ олардың саны мен ұзақтығына шек қоюға" деген сөздермен ауыстырылсын; 9-тармақтағы "заңда белгіленген" деген сөздер "он күн" деген сөздермен ауыстырылсын; 10) 19-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: "Адвокат тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында құрылған және әрекет ететін адвокаттар алқасының мүшесі болуға тиіс."; 11) 20-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі "мүмкін." деген сөз "мүмкін, оның басқа облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында өзінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) құруға құқығы жоқ." деген сөздермен ауыстырылсын; 12) 24-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы "заң көмегін" деген сөздерден кейін ", соның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегін" деген сөздермен толықтырылсын; 13) 29-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы "төлеуге" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, "міндетті" деген сөз алып тасталсын, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: "4) адвокаттар алқасының төралқасына өз жұмысы туралы есепті табыс етуге міндетті."; 14) 31-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "2) адвокат өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары мен нормаларын бірнеше рет бұзған;"; 15) мынадай мазмұндағы 33-1-баппен толықтырылсын: "33-1-бап. Адвокаттық қызметті жеке-дара жүзеге асыру 1. Кәсіби қызметті жеке-дара жүзеге асыруға шешім қабылдаған адвокат бұл туралы адвокаттар алқасын хабардар етеді. Хабарламада адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты, оның тұрақты тұратын жері көрсетіледі. 2. Кәсіби қызметті заңды тұлға құрмай жеке-дара жүзеге асыратын адвокат банктерде есеп айырысу және өзге де шоттар, жеке мөр, мөртабандар, жеке бланкілер иеленуге құқылы.". 2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |