|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 15 қарашадағы № 1713 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 24 желтоқсандағы № 1307 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 15 қарашадағы № 1713 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 50, 494-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгi туралы ережеде: 1) тармақшада: "Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң табиғи монополияшылардың" деген сөздер "табиғи монополия субъектiлерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын; "үстем жағдайға ие" деген сөздер "белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2), 2-3) және 2-4) тармақшалармен толықтырылсын: "2-1) уақытша төмендету коэффициентiн белгiлеу; 2-2) табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтiк сметасын бекіту; 2-3) табиғи монополия саласында тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) белгiлеудiң кемсiтпеушiлiк әдiстерiн әзiрлеу, бекіту және қолдану; 2-4) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын қолдану тәжiрибесiн қорыту, осы негiзде әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлейдi;"; 1) тармақшадағы "рынок субъектiлерi - табиғи монополияшылардың өнiмiне, мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелердiң көрсететiн қызметтерiне бағалар (тарифтер) немесе олардың шектi деңгейiн белгiлеуге" деген сөздер "табиғи монополия субъектiлерiнiң тауарларына (жұмыстарына, қызмет көрсетулерiне) мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелердiң көрсететiн қызметтерiне тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) бекітуге" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) және 3)-тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: 2) табиғи монополия субъектiлерiнiң Мемлекеттік тiзiлiмiнiң жергiлiктi бөлiмдерiне енгiзiлген табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) өзгертуге берiлген өтiнiмдерiн қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзуге; 3) табиғи монополия субъектiсi өткiзетiн сатып алуға бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асыруға;"; мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2), 3-3), 3-4), 3-5) және 3-6) тармақшалармен толықтырылсын: "3-1) табиғи монополия субъектiлерiнiң материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтердi сатып алуын жүргiзу тәртібін белгiлеуге; 3-2) табиғи монополия субъектiлерiне Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен белгiленген жағдайларда, табиғи монополия субъектiлерiнiң қызмет көрсетулерiне тұтынушылармен шарттар жасасу туралы, жасалған шарттарға өзгерістер енгізу туралы орындалуы мiндетті нұсқамаларды енгізуге; 3-3) табиғи монополиялар субъектiлерi тұтынушылармен жасасатын үлгi шарттарды әзiрлеуге және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынуға; 3-4) табиғи монополия субъектiлерiнiң қызмет көрсетулерiне тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) өзгертуге бастамашылық жасауға; 3-5) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтiк сметаны орындауын бақылауды жүзеге асыруға; 3-6) табиғи монополия субъектiсiнiң қызмет көрсетулерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алым ставкаларының) қолданылу мерзiмiн кем дегенде алты айға белгiлеуге;"; мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: "4-1) табиғи монополия саласында тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) белгiлеу жөніндегі нұсқаулықты белгiленген тәртiппен әзiрлеуге және бекітуге;"; 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "7) жеке және заңды тұлғалардан, оның iшiнде мемлекеттік органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды тұлғаларынан Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен белгiленген коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, өздерiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;"; 8) тармақшада "табиғи монополия субъектiлерiнiң мемлекеттік баға тәртібін бұзудың нәтижесiнде алған сомаларын бюджеттiң кiрiсiне" деген сөздер "монополияға қарсы заңнаманы бұзудың нәтижесiнде алынған кiрiстi бюджетке" деген сөздермен ауыстырылсын; 9) тармақшада "(төмендетушi)" деген сөз алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 23-1), 23-2), 23-3) және 23-4) тармақшалармен толықтырылсын: "23-1) табиғи монополия субъектiсiнiң акцияларды (үлестердi) сатып алуын, сондай-ақ оған табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасының Заңымен рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асырушы коммерциялық ұйымдарға оның өзге де нысандармен қатысуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға; 23-2) табиғи монополия субъектiсiнiң негiзгi құралдарына жататын мүлiктi иелiктен шығаруға және онымен өзге мәмiлелер жасасуға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға; 23-3) табиғи монополия субъектiсiнiң тасымалданатын немесе оларға берiлетiн тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өз тұтынуы үшiн емес сатып алуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға; 23-4) табиғи монополия субъектiсiнiң негiзгi қызметке технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия саласына жататын өзге қызметті жүзеге асыруын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының почта туралы заңнамасымен белгiленген қызметтi жүзеге асыруын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;"; мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын: "11-1. Агенттiк заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) табиғи монополия субъектiсi тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) заңсыз көтеру және (немесе) тарифке (бағаға, алым ставкасына) нақты орындалмаған жұмыстардың құнын қосу арқылы келтiрген залалдарды тұтынушыларға өтеу үшiн уақытша өтемдiк тариф бекіту туралы шешiм қабылдауға; 2) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекітуге немесе өзгертуге берген өтiнiмiн қарауға қабылдаудан бас тартуды жазбаша негiздеуге; 3) табиғи монополия субъектiлерiнің Мемлекеттік тiзiлiмiнiң жергiлiктi бөлiмiне енгiзiлген табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) бекітуге немесе өзгертуге берген өтiнiмдерiн қарау кезiнде тұтынушылардың немесе табиғи монополия субъектiсiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша жария тыңдаулар өткiзудiң қажеттiгiн айқындауға; 4) тұтынушыларды табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттеу мәселелерi бойынша, коммерциялық және өзге заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi қамтитындардан басқа, қабылданған шешімдермен таныстыруға; 5) табиғи монополия субъектiлерiнiң Мемлекеттік тiзiлiмiнiң жергiлiктi бөлiмiне енгiзiлген табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) өзгертуге берген өтiнiмдерiн қарау кезінде жария тыңдаулар өткiзуге; 6) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын, уақытша төмендету коэффициентiн ұсыну тәртібін айқындауға мiндеттi.". 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |