|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 17 сәуірдегі № 447 қаулысына
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерінің құнын анықтау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 17 сәуірдегі № 447 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 12, 119-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Жеке тұлғалардың салық салу объектілерінің құнын анықтау ережесінде: 12-тармақтың 2-кестесіндегі реттiк нөмiрi 1-жол мынадай редакцияда жазылсын: "Тастан, ерекше күрделі, қабырғалары кiрпiш, қалыңдығы 2,5 кiрпiштен астам немесе темірбетонды немесе металл қаңқалы кiрпiштен, аражабындары темірбетонды және бетонды ғимараттар; қабырғалары iрi панельдi, аражабындары темір бетонды ғимараттар 0,7 143"; 13-тармақтың 5-кестесi мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "қамыс қаңқалы 0,6"; 14-тармақтағы "коэффициентi (К айм.) қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықталады" деген сөздер "коэффициентiн (К айм.) жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын мүлкiне салық салу объектiлерiнiң құнын анықтау жөніндегі уәкiлетті органдар жергіліктi атқарушы органдармен келісім бойынша анықтайды" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Жергiлiктi атқарушы органдар жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын мүлкiне салық салу объектiлерiнiң құнын анықтау жөніндегі уәкiлеттi органдармен аймаққа бөлу коэффициентiн келiссiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |