|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысына ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 17 шілдедегі № 602 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметiн тиiмді басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 8, 85-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзілсiн: 1-тармақта: 11) тармақшада "2001 жылғы 31 наурызға дейiн" деген сөздер алынып тасталсын; 1) тармақшаның екiншi және үшiншi абзацтары алынып тасталсын; 2), 7) тармақшалар алынып тасталсын; 3) тармақшада: "ұлттық компанияны" деген сөздер "ұлттық компанияның" деген сөздермен ауыстырылсын, "компанияның" деген сөзден кейiн "қызметi мен оны" деген сөздермен толықтырылсын; ", жыл сайынғы бизнес жоспарды, ұйымның бюджетiн" деген сөздер алынып тасталсын; 9) тармақшада "және/немесе тәуелдi акционерлік қоғамдары" деген сөздер ", тәуелдi ұйымдары және өзiнiң қатысу үлесiн есепке алу және қатысушылардың қаржылық есеп беруiнде оның ұйымдастыру-құқықтық нысандарына қарамастан, осы қызметтен алынатын активтердi, мiндеттемелердi, кiрiс пен шығысты көрсету үшiн бiрлескен қызметтi жүзеге асыратын ұйымдары (бұдан әрi - бiрлесiп бақыланатын ұйымдар)" деген сөздермен толықтырылсын; 10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "10) ұйымның бiрiншi басшысының қоғамның директорлар кеңесi (мемлекеттік басқару органы - РМК үшiн) алдында еншiлес, тәуелдi және бiрлесiп бақыланатын ұйымдарды басқару туралы, сондай-ақ еншілес, тәуелдi және бiрлесiп бақыланатын ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметi нәтижелерiнiң негiзгi ұйым қызметiнiң көрсеткiштерiне ықпалы туралы жарты жылдық есептер беру жүзеге асыруын;"; 11) тармақшада "жыл сайынғы және орта мерзiмдiк даму жоспарларының" деген сөздер "орта мерзiмдi жоспардың" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-1 тармағында "сауда" деген сөз "бюджеттік жоспарлау" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-1 тармағында "мен бизнес жоспарларының" деген сөздер алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |