Ауыл шаруашылығы Министрлігінiң 2003 жылғы 14 мамырдағы № 263 бұйрығымен бекітілген
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен күші жойылды
Қой мен ешкiнiң жұқпалы агалактия ауруының 1. Қой мен ешкiнiң жұқпалы агалактиясы - малдың желiнi, буындары және көздерi зақымданып, сүтi қайтуымен ерекшеленетiн аса жұқпалы ауру. Ол энзоотия түрiнде, көбiнесе қой қозылағаннан кейiн болады. Жұқпалы агалактиямен қой мен ешкi жынысына, жасына және тұқымына қарамай ауырады. Қоздырғышы арнайы фильтрден өтетiн микробтар тобына жатады. Ауырған малдарда вирус 8 айға дейiн сақталады. Ауру қоздырушысының бастауы - ауру және ауырып жазылған жануарлар. Қоздырушы сыртқы ортаға сүтпен, нәжiспен, шаранамен, көзден, қынаптан аққан сорамен бөлiнедi. Аурудың берiлуiне топырақ, көң, малды қарайтын адамдардың киiмi әсер етедi. Жасырын кезеңi 12 сағаттан 60 күнге дейiн. 2. Балау. Жұқпалы агалактияға диагноз қойғанда басқа себептерден пайда болған маститтерден ажырату керек. 2. Қой мен ешкiлердiң жұқпалы агалактия ауруларын жою шаралары 3. Жұқпалы агалактия байқалғанда сол ферманы немесе отарды аурудан сау емес деп жариялап шектеу қойылады. 4. Қой мен ешкiлердiң дереу мастит болуына, iш тастауына, буындар мен көздерiнiң ауырмауына назар аударған жөн. 5. Iш тастаған малдарды қауiптi отарда оқшаулайды. Iш тастанды төлдi, шуды, көңдi, ластанған төсенiштi өртейдi, iш тастаған жердi залалсыздандырады. Ауру және ауру деп күдiктенген малдарды оқшаулап емдейдi. Емi. Көздерi ауырған малдарды қараңғылау жерде ұстайды да көздерiн 1 проценттiк бор қышқылының су ерiтiндiсiмен жуады, немесе альбуцидпен күнiне 3 рет. Желiндерiн емдеу үшiн йодты калийдiң және йодтың су ерiтіндiсін қараңғылау жерде ұстайды да көздерiн 1 проценттiк бор қышқылының су ерiтiндiсiмен жуады күнiне 3 рет. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|