|
|
|
"Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш "Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы" 1999 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 784-құжат; 2001 ж., № 21-22, 282-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) Заңның бүкiл мәтiнi бойынша "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі", "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен", "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде", "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне", "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгінiң" деген сөздер тиiсiнше "бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган", "бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органмен", "бюджеттi атқару жөніндегі уәкілеттi органда", "бюджеттi атқару жөніндегі уәкілеттi органға", "бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын; 4) тармақшадағы ", жергiлiктi атқарушы органдарының" деген сөздер алып тасталсын; 18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "18) банктің кепiлдiгi - заем алушы заем туралы шарт (келісім) бойынша өзi төлеуге тиесiлi соманы белгiленген мерзiмде төлемеген жағдайда екiншi деңгейдегi банктiң (банктердің) немесе шетелдiк банктiң (банктердiң) бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органның алдындағы мемлекеттік емес заем бойынша берешектi өтеу жөніндегі мiндеттемесi;"; 21) тармақша алып тасталсын; 2-тармақтың 3) тармақшасы "оларға қызмет көрсету және өтеу," деген сөздерден кейiн "мемлекеттік кепiлдiктер беру үшiн инвестициялық жобаларды iрiктеу," деген сөздермен толықтырылсын; 4-тармақтың 1) және 8) тармақшалары алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: "4-1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган: 1) мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш саясатын әзiрлеуге қатысады; 2) мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борышты жоспарлау мен талдауды жүзеге асырады."; 6-тармақта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "1) жергiлiктi өкiлдi органға жергiлiктi инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет заңдарында көзделген басқа да мақсаттарға iшкi заемдарды тарту қажеттiгi туралы ұсыныстар енгiзедi;"; 3) тармақшадағы "сыртқы" деген сөз "ішкі" деген сөзбен ауыстырылсын; 4) 6-баптың төртінші бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: "Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қарыз алуы жергілікті инвестициялық жобаларды қаржыландыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет заңдарында көзделген басқа да мақсаттарда жүзеге асырылады."; бiрiншi бөлiктегі "қарыз алу және борыш лимиттерiмен" деген сөздер "тиісті қаржы жылының аяғындағы борыш лимитімен" деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктегі бірінші сөйлем алып тасталсын; мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: "Жергiлiктi атқарушы органдардың сыртқы заемдар тартуына жол берілмейді."; 6) 10-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: "3. Жергілiкті атқарушы органның заемдары бойынша алынған қаражат жергілікті инвестициялық жобаларды қаржыландыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет заңдарында көзделген басқа да мақсаттарға жұмсалады және тиісті жылға арналған жергілікті бюджеттің атқарылу тәртібімен пайдаланылады."; 7) 14-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "1) өтеу және қызмет көрсету көлемдері, үкіметтік борыш пен жергілікті атқарушы органдар борышының, мемлекеттік кепілдік берудің лимиттері белгіленетін көрсеткіштерді жыл сайын нақтылау және айқындау арқылы мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыштың жай-күйін жыл сайын бағалау және алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжам. Бұл құжатты әзірлеуді бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесе отырып, елді экономикалық дамытудың орта мерзімді болжамы, жинақталған мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың көлемдері мен құрылымы, несие капиталы рыногындағы өзгерістер болжамы негізінде жүзеге асырады;"; 8) 16-баптың бесiнші бөлiгi алып тасталсын; 9) 18-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: "Мемлекеттік кепілдіктерді беру лимитінің көлемі осы лимит белгіленген тиісті жылдың шегінде ғана пайдаланылуы мүмкін."; 2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: "2) Қазақстан Республикасының тиісті кезеңге арналған мемлекеттік кепілдіктepi бар мемлекеттік емес заемдар қаражатының есебiнен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тiзбесiне енгiзiлген жобалардың орындалуын жүзеге асыруы; 3) банктiк қадағалау саласындағы уәкiлеттi органның келісімi бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкілеттi орган белгiлейтiн заемдардың қайтарылуын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын банктiк кепiлдiктiң болуы;"; мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2), 3-3) және 3-4) тармақшалармен толықтырылсын: "3-1) салалық уәкiлеттi органның оң қорытындысы болуы; 3-2) бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органның оң қорытындысы болуы; 3-3) экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органның оң қорытындысы болуы; 3-4) бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органның оң қорытындысы болуы;"; мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Мемлекеттік кепiлдiк алуға үмiткер заңды тұлғалар экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органға өтiнiм, сондай-ақ салалық уәкiлеттi органға және бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органға олардың қорытындылар әзiрлеу үшiн қажеттi құжаттар табыс етедi. Бұл орайда салалық уәкiлеттi орган мен бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган құжаттар берген заңды тұлғаларға және ұсынылған қорытындыларды жинақтауды және экономикалық талдауды жүзеге асыратын экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілеттi органға тиiстi қорытындылар жiберуге мiндеттi."; 11) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын: "21-бап. Мемлекеттік кепiлдiктер беру үшiн инвестициялық жобаларды iрiктеу Мемлекеттік кепiлдiктер беру үшiн инвестициялық жобаларды iрiктеудi экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілеттi орган Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктерi бар мемлекеттік емес заемдар қаражатының есебiнен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тiзбесiн жыл сайын қалыптастыру жолымен жүргiзедi. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктерi бар мемлекеттік емес заемдар қаражаты есебiнен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi және ол жариялануға тиіс.; 12) 24-баптың бiрiншi бөлiгіндегi "ол белгiлеген тәртiппен" деген сөздер алып тасталсын; 13) 25-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Үкіметі заем туралы шарттың (келісімнiң) талаптарына сәйкес және кредитордың келісімiмен мемлекет кепiлдiк берген заемды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банкрот деп танылған және (немесе) таратылған заем алушы үшiн мерзiмiнен бұрын өтеудi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен мемлекеттік кепiлдiктердi орындау жолымен жүзеге асыруға құқылы."; 14) мынадай мазмұндағы 25-2-баппен толықтырылсын: "25-2-бап. Мемлекет кепiлдiк берген заем бойынша заем алушыны ауыстыру Мемлекет кепiлдiк берген заем бойынша заем алушыны Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi қабылданған жағдайда заем туралы шарт (келісім) тараптарының келісімi бойынша ауыстыруға жол берiледi. Мемлекет кепiлдiк берген заем бойынша заем алушы ауыстырылған жағдайда бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган кредитордың талабы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi негiзiнде мемлекеттік кепiлдiктi ауыстыруы немесе растауы мүмкiн. Бұл ретте кепiлдiк берiлетiн заем сомасы бұрын берiлген мемлекеттік кепiлдiк бойынша заемның сомасынан аспауға тиiс. Жаңадан берiлген мемлекеттік кепiлдiкке осы Заңның 18-бабының бiрiншi бөлiгiнде белгiленген шектеулер қолданылмайды."; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "4) ол заем құрылымын өзгерту және (немесе) мемлекет кепілдiк берген заем бойынша заем алушыны ауыстыру кезiнде жаңасымен ауыстырылса;"; мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: "5) Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Заңның 25-бабының екiншi бөлiгiне сәйкес мемлекет кепiлдiк берген заемды мерзiмiнен бұрын өтеудi жүзеге асырса, қолданылуын тоқтатады."; 16) 28-баптың екiншi бөлiгіндегі "қарсы кепiлдiк берген екiншi деңгейдегi" деген сөздер "кепiлдiк берген" деген сөздермен ауыстырылсын; 17) Қазақ тiліндегі мәтiнде 33-бап өзгермейдi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |