|
|
|
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне қаржы рыногын және
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж. № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар): 1) 105-баптың 2-тармағы «бюджеттiң» деген сөзден кейiн «немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бюджетiнiң (шығыстар сметасының)»деген сөздермен толықтырылсын; 2) 282-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгi «Қазақстан Республикасы» деген сөздердiң алдынан «Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда,»деген сөздермен толықтырылсын; 3) 331-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Екiншi деңгейдегi банктер банктiк кепiлдiктермен кепiлгерлiктердi осы Кодекске сәйкес, уәкiлеттi мемлекеттік органның лицензиясы негiзiнде берудi жүзеге асыра алады.». 2. 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат): 1) 715-баптың 3-тармағының екiншi бөлiгiнде, 728-баптың 1) тармақшасында «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздер «уәкiлеттi мемлекеттік органның» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 824-баптың 3-тармағының бiрiншi бөлiгiнде «талаптары» деген сөзден кейiн «Қазақстан Республикасының заң актілерімен және» деген сөздермен толықтырылсын; 2) тармақша «және сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру полисiн беруi» деген сөздермен толықтырылсын; 3) тармақша алып тасталсын; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Сақтандыру ережесін сақтандырушы әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жағдайларда ол уәкiлеттi мемлекеттік органмен келісілуге тиiс. Сақтандырудың нақты түрi бойынша сақтандыру ережесi осы баптың талаптарына сәйкес келуге тиiс.»; 3-тармақ алып тасталсын; 5) 830-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Сақтандыру рыногының кәсiби қатысушыларының, сақтандыру агентiнiң өз кәсiби қызметiнiң нәтижесiнде алған сақтандыру құпиясын құрайтын мәлiметтердi, кәсiби сақтандыру рыногының басқа қатысушысына не сақтандыру агентiне қайта сақтандыру шарттарын жасасуға немесе қосарлас сақтандыру жөніндегі қатынастарға байланысты ақпарат беру жағдайларын, сондай-ақ осы баптың 4, 5 және 6-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жария етуге құқығы жоқ.»; 6) 841-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы «реттерде мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.»деген сөздер алып тасталып, «тоқтатылған» деген сөзден кейiн нүктелi үтiр қойылсын және 841-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: «6) соттың сақтандырушыны мәжбүрлеп тарату туралы шешiмi заңды күшiне енгiзiлген не уәкiлеттi мемлекеттік органның сақтандырушының epiктi таратылуына pұқcат беру туралы шешiмi күшiне енгiзiлген реттерде мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.»; 7) 842-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 1. Жинақтаушы емес сақтандыру шарты осы Кодекстiң 841-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысының осы сақтандыру қолданылған уақытқа барабар бөлiгiне құқығы бap. Жинақтаушы сақтандыру шарты осы Кодекстiң 841-бабының 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетiлген жағдай бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушыдан алынған сақтандыру жарналары толық көлемде қайтарылуға тиiс. Сақтандырушыны тарату кезiнде сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) қайтару Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңдарында белгiленген кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезектiлiгiне сәйкес жүзеге асырылады.». 3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар): 1) мынадай мазмұндағы 158-1-баппен толықтырылсын: «158-1-бап. Сақтандыру құпиясын сақтау мiндетiн бұзу Сақтандыру құпиясы бар мәлiметтердi сақтау мiндетiн, олар өзiнiң кәсiби немесе қызметтiк мiндетiне байланысты белгiлi болған адамның олардың иесiнiң келісімiнсiз бұзуы, - елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 2) 168-бап мынадай редакцияда жазылсын: «168-бап. Қазақстан Республикасының валюта заңдарының талаптарын бұзу 1. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне Қазақстан Республикасының валюта заңдарына сәйкес талап етiлетiн мәлiметтердi табыс етпеуi, сол сияқты әлденеше рет (қатарынан он екi күнтiзбелiк ай iшiнде екi және одан да көп рет) уақтылы табыс етпеуi немесе ондай мәлiметтерi жоқ ақпарат табыс етуi не дұрыс емес мәлiметтердi (ақпаратты) табыс етуi, - лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), - лауазымды адамға - алпыс айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға тоғыз жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың валюталық бақылау агентiнiң функцияларын орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы, - заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), - заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 3) мынадай мазмұндағы 168-2-баппен толықтырылсын: «168-2-бап. Қазақстан Республикасының банк заңдарының талаптарын бұзу 1. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың уәкiлеттi мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының банк заңдарына сәйкес табыс етiлуi қажет мәлiметтердi табыс етпеуi, сол сияқты әлденеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) уақтылы табыс етпеуi немесе ондай мәлiметтерi жоқ ақпаратты табыс етуi не дұрыс емес мәлiметтердi (ақпаратты) табыс етуi, - лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың өздерiне уәкiлеттi мемлекеттік орган жүктеген мiндеттердi шектеулi ықпал ету шаралары арқылы орындамауы - лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде заңды тұлғаға төрт жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), - лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға тоғыз жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 4. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) басқа да сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi әлденеше рет бұзуы, - заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 5. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының банк заңдарына сәйкес тыйым салынған не Қазақстан Республикасының банк заңдарын бұза отырып, сол сияқты олардың құқық қабiлеттiлiгi шегiнен тыс операциялар мен мәмiлелердi жүзеге асыруы, лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға мәмiле сомасының оннан бiр процентiне дейiнгi не операциялар бойынша алынған табыс сомасының елу процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады. 6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк), - лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға мәмiле сомасының бiр процентiне дейiнгi не операциялар бойынша алынған табыс сомасының жүз процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады. 7. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банк операцияларының нәтижелерiн бухгалтерлiк есепте тиiсiнше көрсетпей жүргiзуi, - заңды тұлғаға есепке алынбаған соманың жүз процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады. 8. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлiк есепке алуды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк жөніндегі талаптарды бұза отырып жүргiзуi не ондағы көрсеткiштердiң, не пруденциялық нормативтердiң орындалуы туралы мәлiметтердiң және (немесе) Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгiленген сақталуға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердiң бұрмалануына әкеп соққан банктiк немесе өзге де есептiлiк жасауы, - лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға тиiсiнше есепке алынбаған соманың бес процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады. 9. Осы баптың сегiзiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), - лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға тиiсiнше есепке алынбаған соманың он процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады. 10. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттердiң банк шоттарын ашу және жабу тәртібін бұзуы, - лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 11. Осы баптың оныншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), - лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 4) 170-бапта «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздер «уәкiлеттi мемлекеттік органның» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 171-баптың тақырыбындағы және мәтiніндегі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне», «Ұлттық Банкке» деген сөздер тиiсiнше «уәкiлеттi мемлекеттік органға» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) мынадай мазмұндағы 172-1-баппен толықтырылсын: «172-1-бап. Банктердi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын таратуға байланысты талаптарды бұзу 1. Банктi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясы төрағасының Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу жағдайларын жою туралы жазбаша нұсқамаларды уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген мерзiмде орындамауы, - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Тарату комиссиясы төрағасының тарату комиссиясының қызметiне уәкiлеттi мемлекеттік органның тексеру жүргiзуiнен жалтаруы не оны жүргiзуге кедергi келтiруi, - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Тарату комиссиясы төрағасының уәкiлеттi мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының банк, сақтандыру заңдарында және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында белгiленген есептiлiк пен қосымша ақпаратты әлденеше рет (қатарынан күнтiзбелiк алты ай iшiнде екi және одан да көп рет) уақтылы табыс етпеуi, - айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»; бiрiншi, бесiншi және оныншы бөлiктердiң бiрiншi абзацы «ұйымының» деген сөзден кейiн», сақтандыру брокерiнiң» деген сөздермен толықтырылсын; сегiзiншi бөлiктiң бiрiншi абзацында «олардың» деген сөз алып тасталсын; «аффилиирленген» деген сөздiң алдынан «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының» деген сөздермен толықтырылсын; он төртiншi бөлiктiң бiрiншi абзацында «Аудитордың» деген сөз «Аудиторлық ұйымның» деген сөздермен ауыстырылсын; «ұйымдарының» деген сөз «ұйымдарына» деген сөзбен ауыстырылсын; «мiндеттi» және «қызметiне» деген сөздер алып тасталсын; 8) 541-баптың бiрiншi бөлiгiнде «172» деген цифрлар алып тасталсын; «190-203» деген цифрлар «190, 192, 194, 197, 199, 200, 202, 203» деген цифрлармен ауыстырылсын; 9) 572-баптың бiрiншi бөлiгiнде («168, 169-171» деген цифрлар «168, 168-2 (екiншi, бесiншi, жетiншi және сегiзiншi бөлiктер - валюталық бақылау мәселелерi бойынша, оныншы және он бiрiншi бөлiктер), 169» деген цифрлармен ауыстырылсын; «218» деген цифрдан кейiн»(валюталық бақылау мәселелерi бойынша)»деген сөздермен толықтырылсын; 10) 573-бап мынадай редакцияда жазылсын: «573-бап. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган 1. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган осы Кодекстiң 88 (бiрiншi бөлiк), 158-1, 168-2 (бiрiншi - тоғызыншы бөлiктер), 170, 171, 172, 172-1, 173, 174, 175 (бiрiншi бөлiк), 191, 193, 195, 196, 198, 201, 218-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. 2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк айыппұл салуға қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның бiрiншi басшысы және оның орынбасарлары құқылы.»; 12) 636-баптың бiрiншi бөлiгiнде: 1) тармақшаның жиырма төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның (138, 158, 190, 192, 194, 197, 199, 200, 202-баптар);»; 3) тармақшадағы «банктiк қадағалауды, сондай-ақ» деген сөздер алып тасталсын. 4. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж,, № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат): 1) 16-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы «ұйымдардан» деген сөзден кейiн «Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 97-баптың 2-тармағының екiншi сөйлеміндегі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi» деген сөздер «қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi орган» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 131-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы» деген сөздер «қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның лицензиялары» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 144-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы» деген сөздер «қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның лицензиялары» деген сөздермен ауыстырылсын; 1) тармақшада: бiрiншi абзацта «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің банк операцияларын жүргiзуге берген лицензиясы» деген сөздер «қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банк операцияларын жүргiзуге берген лицензиялары» деген сөздермен ауыстырылсын; оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: «банкаралық клиринг: төлемдердi жинау, салыстырып тексеру, сұрыптау және растау, сондай-ақ оларды өзара есепке алуды жүргiзу және клирингке қатысушылардың - банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асырушы ұйымдардың таза позицияларын айқындау;»; он бiрiншi абзацтағы «жылжымалы мүлiктiң» деген сөздер «өзге де жылжымалы мүлiктiң» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) тармақша «қызметтер» деген сөздiң алдынан «инвестициялық» деген сөзбен толықтырылсын; 6) 501-бап мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын: «20-1) қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган - өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша талап-арыздар берген кезде;»; 7) 502-бап мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын: «6-1) қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган - өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша нотариаттық iс-әрекеттер жасауға өтiнiш жасаған кезде;». 5. 2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Кеден кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 7-8, 40-құжат): 342-бапта «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк-құқықтық актілерінiң талаптарын ескере отырып,»деген сөздер алып тасталсын. 6. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат): 1) 1-баптың үшiншi бөлiгiнде «қаржы-кредит ұйымдарында» деген сөздерден кейiн «өз құзыретi шегiнде» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 4-баптың бiрiншi бөлiгiнде Қазақстан Ұлттық Банкi (бұдан былай банктер) берген лицензияның негiзiнде» деген сөздер алып тасталсын; 3) II тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «II тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің негiзгi мақсаты, мiндеттерi, функциялары мен өкiлеттiгi»; 4) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын: «7-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің негiзгi мақсаты мен мiндеттерi Қазақстан Ұлттық Банкінің негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi: 1) мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу; 2) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету; 3) валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру; 4) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.»; в), г), e, е-1) тармақшалары алып тасталсын; мынадай мазмұндағы д-1), и-1) және и-2) тармақшаларымен толықтырылсын: «д-1) банк операцияларының мынадай түрлерiн жүргiзу тәртібін айқындайды: банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргiзу; жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргiзу, оларда осы тұлғаға тиесiлi тазартылған қымбат бағалы металдардың нақты мөлшерi көрсетiледi; кассалық операциялар; аударымдық операциялар; есепке алу операциялары; жеке және заңды тұлғалардың, оның iшiнде корреспондент банктердiң тапсыруы бойынша олардың банк шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру; банкаралық клиринг; сейфтiк операциялар; ломбардтық операциялар; төлем карточкаларын шығару; банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау және салып жiберу; шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру; чек кiтапшаларын шығару; аккредитив ашу (ұсыну) және растау мен ол бойынша мiндеттемелердi орындау және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жағдайларда қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органға (бұдан әрi уәкiлеттi орган) банк операцияларының жекелеген түрлерi бойынша уәкiлеттi органның лицензия беру мүмкiндiгi туралы қорытынды бередi;»; «и-1) валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жүргiзуге лицензиялар бередi; и-2) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға шетел валютасымен айырбас операцияларын жүзеге асыруға, банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау, салып жiберу, банкаралық клиринг жөніндегі операцияларды жүргiзуге лицензиялар бередi;»; з) тармақшасы «банктер» деген сөзден кейiн», банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар» деген сөздермен толықтырылсын, «банктердiң» деген сөзден кейiн», банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың» деген сөздермен толықтырылсын; к) және м) тармақшалары «банктердiң» деген сөзден кейiн», банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың» деген сөздермен толықтырылсын; л) және л-2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «л) бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк жүйелерiн реттеу жөніндегі уәкiлеттi органмен келiсе отырып халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарымен реттелмеген және ол арға қайшы келмейтiн мәселелер бойынша бухгалтерлiк есептiлiк стандарттарын, сондай-ақ оларға әдiстемелiк ұсыныстарды әзiрлейдi және бекiтедi;»; «л-2) уәкiлеттi органмен бiрлесiп өзiнiң бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда қаржылық ұйымдардың, сондай-ақ олардың аффилиирленген тұлғаларының қаржылық және өзге де есептiлiгiнiң тiзбесiн, халықаралық стандарттарға сай келетiн нысандарын, табыс ету мерзiмдерiн белгiлейдi;»; мынадай мазмұндағы л-3) тармақшамен толықтырылсын: «л-3) валюталық реттеу мен бақылау мәселелерi бойынша есептiлiк тәртібін, нысандарын және табыс ету мерзiмдерiн белгiлейдi;»; мынадай мазмұндағы р-1) тармақшамен толықтырылсын: «p-1) мемлекеттiң ақша-кредит және қаржы статистикасын қалыптастырады;»; у-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «у-1) өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында банктерден, олардың қауымдастықтарынан (одақтарынан) және мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпарат алуға құқылы;»; мынадай мазмұндағы у-4), у-5), у-6) және у-7) тармақшалармен толықтырылсын: «у-4) Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын, ресми басылымдарда жарияланатын сенiмгерлiк басқару туралы шарттардың негiзiнде берiлген активтердi сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады; у-5) банк шоттарының режимiн белгiлейдi; у-6) банктер беретiн кредиттердiң көлемiн реттеу мақсаттары үшiн, банктердiң өз мiндеттемелерi бойынша төлем жасамау қаупiн азайту, сондай-ақ банк салымшылары мен акционерлерiнiң мүдделерiн қорғау үшiн банктердiң қаражатын резервте ұстайды; у-7) банктер операциялары мен мәмiлелерiнiң жекелеген түрлерi бойынша сандық шектеулердi белгiлейдi;»; 6) 9-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Ұлттық Банкінің жарғылық капиталы мемлекетке тиесiлi болады және өзi алған таза кiрiстен аударымдар жасау жолымен, кемiнде 20 миллиард қазақстан теңгесi мөлшерiнде қалыптастырылады.»; 7) 10-баптың бiрiншi бөлiгiнде: бiрiншi сөйлемде «бекiткен ережеге сәйкес» деген сөздер «белгiлеген тәртiппен» деген сөздермен ауыстырылсын;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |