"Есірткі, психотроптық және улы заттарды заңсыз айналымға түсіру Заңнамадағы өзгерістерге және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 259-бабын қолдану бойынша сот практикасында туындаған мәселелерге байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді: "Есірткі, психотроптық және улы заттарды заңсыз айналымға түсіру жөніндегі істер бойынша заңдарды қолдану туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1998 жылғы 14 мамырдағы № 3 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. Қаулының атауындағы "Пленумының қаулысы" деген сөздер "нормативтік қаулысы" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Кіріспедегі "Пленумы" деген сөз "жалпы отырысы" деген сөздермен ауыстырылсын. "сонымен қатар улы заттарды заңсыз айналымға түсіргені үшін, заңдар негізіне сәйкес, тек Қазақстан Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы № 186 қаулысымен бекітілген Есірткіні қадағалайтын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік комиссиясының тізіміне (бұдан әрі - Тізім) енгізілген заттар" деген сөздер "2002 жылғы 8 тамызда күшіне енген "Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар тізіміне енгізілген заттар" деген сөздермен ауыстырылсын ("Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымша"). 4. Мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: "1-1. Есірткі немесе психотроптық заттарды өткізу мақсатын көздемей шағын мөлшерде заңсыз иемденіп алуда, сақтауда, тасымалдауда қылмыстық жазалауға жататын әрекет белгілері болмайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|