| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) "Жер қойнауын пайдалану құқығына лицензиялар беру, оларды қайта ресімдеу және лицензияларға өзгерістер енгізу, жер қойнауын пайдалану құқығына арналған лицензияларды қайтып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 3 қыркүйектегі № 833 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 30, 263-құжат): көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: реттік нөмірлері 18, 19, 24-жолдар алынып тасталсын; 2) "Жер қойнауын пайдалану құқығына лицензиялар беру, оларды қайта ресімдеу және лицензияларға өзгерістер енгізу, жер қойнауын пайдалану құқығына арналған лицензияларды қайтып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1392 қаулысына: көрсетілген қаулыда 1-қосымшада: реттік нөмірлері 13, 25, 29, 30, 31, 39-жолдар алынып тасталсын; көрсетілген қаулыға 2-қосымшада: реттік нөмірі 17-жол алынып тасталсын; 3) "Жер қойнауын пайдалану құқығына лицензиялар беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 шілдедегі № 1021 қаулысына: көрсетілген қаулыға қосымшада: реттік нөмірі 6-жол алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |