|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 29 қарашадағы № 1787
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 367 Қаулысымен күші жойылды (күшіне енетін мерзімін қара)
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстігін пайдалану және авиация қызметi туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 заң күшi бар Жарлығының 31-1-бабының 1-тармағына және "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасы өнiмнiң сәйкестiгiн бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 қарашадағы № 1787 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 51, 586-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Мiндеттi түрде сертификаттауға жататын өнiмдер мен қызмет көрсетулердiң тiзбесінде: "Қазақстан Республикасында мiндеттi түрде сертификаттауға жататын қызмет түрлерiнiң номенклатурасы" деген 20-бөлiм мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: "азаматтық авиация саласындағы қызмет көрсетулер, соның iшінде: авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі; авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі; әуеайлаққа техникалық қызмет көрсету, оны ұстау және жөндеу жөніндегі; ұшуларды жарық техникалық қамтамасыз ету және әуежай, әуеайлақ, аэронавигация объектiлерiн энергиямен жабдықтау жөнiндегі; азаматтық әуе кемелерiн, әуежай объектiлерi мен қызметтерiн жанар-жағармай материалдарымен және арнайы сұйықтықтармен қамтамасыз ету жөніндегі; азаматтық әуе кемелерiн, жолаушыларды қабылдау, шығарып салу және оларға қызмет көрсету, қолжүктi, жүктердi, почтаны өңдеу жөніндегі; әуе қозғалысына қызмет көрсету жөніндегі; ұшуларды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету жөніндегі; азаматтық әуе кемелерiн және басқа тұтынушыларды арнайы автокөлiк құралдарымен қамтамасыз ету жөніндегі; жолаушылар мен жүк тасымалдарын сату және брондау жөніндегі; азаматтық авиация оқу орындарының қызмет көрсетулерi; азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушының қызмет көрсетулерi; аса жеңіл авиация саласындағы қызмет көрсетулер". 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |