Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 10, 108-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасында: мәтіндегі "2001-2002 жылдар", "2001-2003 жылдар", "2001-2003 жылдарда", "2002-2003 жылдар" және "2001 жыл" деген сөздер тиiсiнше "2001-2005 жылдар", "2001-2005 жылдарда", "2001-2005 жылдарға" деген сөздермен ауыстырылсын; "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын; "Орта мерзiмдi" деген сөздер алынып тасталсын; он бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "ақпараттық жүйе - ақпараттық процестердi iске асыруға арналған ақпараттық технологиялардың, ақпараттық желiлердiң және оларды бағдарламалық-техникалық жағынан қамтамасыз ету құралдарының жиынтығы;"; он екiншi абзац алынып тасталсын; он үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "ақпараттық ресурстар - ақпараттық жүйелерде бар, тиiстi бағдарламалық қамтамасыз етумен бiрiктiрiлген және ақпаратты пайдаланушылардың мүдделiлiгiн туғызатын, электрондық жүйелендiрiлген ақпарат (ақпараттық деректер базалары)"; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|