Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді Біз, Қазақстан Республикасының Президенті мен Болгария Республикасының Президенті, қазақстандық-болгарлық қатынастың достық және әріптестік сипатын оң бағалай отырып, өзара мүдделілік білдірілетін салаларда тең құқықты және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және тереңдетуге ұмтылысымызды білдіре отырып, төмендегілер туралы мәлімдейміз: саяси, экономикалық, мәдени, гуманитарлық және өзге де салаларда едәуір әлеуеті бар екі мемлекет арасындағы достық қатынастарды одан әрі дамыту маңыздылығын атап өтеміз; екі жақты ынтымақтастықтың табыстарын аймақтық және жаһандық ауқымда бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға қажетті әрі елеулі үлес ретінде бағалаймыз; осы тұрғыда Азиядағы өзара іс-қимыл мен сенім білдіру шаралары жөніндегі кеңесті шақыру бастамасымен жалғастырылған Қазақстан Республикасының ядролық қарусыздану және оны таратпау, халықаралық және аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту ісіне қосқан үлесін жоғары бағалаймыз; Батыс Балқандағы жағдайды түбегейлі реттеуге бағытталған халықаралық қоғамдастық пен аймақ елдерінің күш-жігерін қолдаймыз, Еуропаның осы бөлігіндегі мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық реформаларын, демократиялық үрдістерін және аймақтық ынтымақтастығын қуаттаймыз; Болгария Республикасының Оңтүстік-Шығыс Еуропаның аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылық ісіне, жалпы еуропалық және еуроатлантикалық интеграцияға қосқан үлесін жоғары бағалаймыз; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|