| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 28 қыркүйектегi № 1464 Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 2 шiлдедегi № 713 қаулысымен бекітілген Микропроцессорлық карточкалар негiзінде төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн дамыту бағдарламасын icкe асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді: 1. "Мемлекеттік бюджеттiң қаражаты есебiнен жалақы, стипендия, зейнетақы, жәрдемақы және бacқa да ақшалай төлемдердi төлеудiң тәртібiн жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 28 қыркүйектегi № 1464 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 48, 447-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Бюджет қаражаты есебiнен жалақы, стипендия, зейнетақы, жәрдемақы және басқа да ақшалай төлемдердi төлеудiң тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік кәсiпорындарға және акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдарға жалақы және басқа да ақшалай төлемдердi төлеудің тәртібін жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы"; кiрiспедегi "Мемлекеттік бюджеттiң қаражаты есебiнен" деген сөздер алынып тасталсын; 1-тармақта: "банктiк операциялардың тиiсті түрлерiне арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар" деген сөздер "банктiк операцияларды жүзеге асыруға тиiстi лицензиясы бар ұйымдар (бұдан әрi - ұйымдар)" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: "Астана мен Алматы және облыстық маңызы бар қалалардағы мемлекеттік мекемелер 2004 жылғы 1 мамырдан бастап қызметкерлерге жалақыны және басқа да ақшалай төлемдердi алушының таңдауы бойынша ұйымдарда ашылған карт-шоттарға аудару жолымен төлеудi жүзеге асырсын. Кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органдары мен акцияларының мемлекеттік пакетiн иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар 2004 жылғы 1 мамырдан бастап Астана мен Алматы және облыстық маңызы бар қалалардағы мемлекеттік кәсiпорындардың және акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлік қоғамдардың қызметкерлерiне жалақыны және басқа да ақшалай төлемдердi алушының таңдауы бойынша ұйымдарда ашылған карт-шоттарға аудару жолымен төлеуге көшу жөнiнде жұмыс жүргiзсiн."; 2-тармақтағы "банктiк операциялардың тиiстi түрлерiне арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бap" және "банктiк операциялардың тиiстi түрлерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар" деген сөздер алынып тасталсын; "Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден" деген сөздер "Бюджет қаражаты есебiнен" деген сөздермен ауыстырылсын; "шоттарына" деген сөзден кейiн "немесе банктiк шоттарына" деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |