|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 21 сәуiрдегі № 367
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 9 наурыздағы № 114 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 367 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 12, 98-құжат) мынадай өзгерістер енгізiлсiн: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы (Мемтерминком) туралы ережеде: 5-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Комиссияның құзыретiне енетiн жекелеген мәселелердi қарау үшiн терминологиялық секциялардың ғылыми хатшылары мен Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң Тiлдердi дамыту жөніндегі департаментi терминология және сөз мәдениетi бөлiмi қызметкерлерiнiң iшiнен жұмыс топтарын құру"; 2) аталған қаулының қосымшасында: Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясының құрамына мыналар енгiзiлсiн: көрсетiлген құрамнан: Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы, Нұрмаханов Арыстанбек Нұрмаханұлы, Абдрахманов Сауытбек, Сейдiмбек Ақселеу, Бодаубаев Болат Қамиұлы, Қараев Жауымбай Амантұрлыұлы шығарылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |